Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Краннан су ішу үшін бірнеше минут ағызудың қажеті жоқ дейді мамандар

Краннан су ішу үшін бірнеше минут ағызудың қажеті жоқ дейді мамандар

Суды қанша уақыт ағызу қажет екені зерттеу мақсатына байланысты.
Фото: iStock
Су ішу үшін кранды бірнеше минут ашық қалдырудың қажеті жоқ. Алдын ала су ағызу тек санитарлық-эпидемиологиялық тексеру үшін сынама алынатын жағдайда ғана керек, – дейді мамандар.
Мысалы, су сапасына әсер ететін материалдарды зерттеу үшін суды алдын ала ағызбай-ақ сынама алу керек. Ал химиялық тепе-теңдікті анықтау үшін суды 2–3 минуттай ағызып жіберу жеткілікті.
Судағы микробиологиялық көрсеткіштерді анықтау үшін металл крандарды алдымен отқа ұстап зарарсыздандыру керек, ал пластик крандарды арнайы құралмен дезинфекциялау қажет. Мұндай жағдайда суды кранды толық ашып, кемінде 10 минут ағызу керек.
«Ішуге арналған суды алдымен ағызып жіберудің қажеті жоқ. Бұл – суды бекер ысырап ету. Министрлік керісінше, суды үнемдеп пайдалануға шақырады. Осы мақсатта арнайы әдістемелік ұсыныстар әзірленген. Оларды сақтау арқылы алты адамнан тұратын отбасы жылына 35 мың литрге дейін су үнемдей алады. Қазір бұл ұсыныстарды ел көлеміндегі қоғамдық орындарға тарату жұмысы жүргізіліп жатыр», – деді Су ресурстары және ирригация министрлігі Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры Берікбол Мәндібаев.
Ұсынылған шаралар қатарында мыналар бар: кір жуатын және ыдыс жуатын машиналарды толық жүктемемен пайдалану, автоматты сенсорлы крандар орнату, дәретханада екі режимді су шығару тетіктерін орнату, крандарға аэрациялық саптамалар қою, крандардың техникалық жағдайын тұрақты тексеріп тұру және ақау не ағып жатқан жерлерді уақытылы жөндеу.
17 шілде 2025 ж. 245 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 134

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 192

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 159

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 139

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930