Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Фракция мүшесі жеке қабылдау өткізді

Фракция мүшесі жеке қабылдау өткізді

Бүгін Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев Қазалы ауданындағы жұмыс сапары аясында партияның аудандық филиалында азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар бірқатар мәселелерді көтерді. Мәселен, Бекарыстан би ауылының тұрғыны Жаңқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев елді мекендеріне газ құбырын тарту жұмыстары басталғанын атап өтіп, алдағы уақытта ауылішілік газ желілерін жүргізу қажеттігін жеткізді. Ақсуат ауылының тұрғыны да елді мекенді табиғи газға қосу мәселесін көтерді.
Сондай-ақ «Қарлаң» учаскесіндегі көпір құрылысының мерзімінде әрі сапалы аяқталуына қатысты өтініштер айтылды.
Депутат әрбір азаматтың ұсыныс-тілегін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің шешу жолдарын қабылдау барысында жауаптылармен бірге талқылады. Газдандыру жұмыстары қаржылық мүмкіндіктерге байланысты кезең-кезеңімен жүргізілетіні, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді.
#AMANAT
17 шілде 2025 ж. 260 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031