Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде талапкерлерге ҚАЗТЕСТ балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру мүмкіндігі беріледі

Елімізде талапкерлерге ҚАЗТЕСТ балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру мүмкіндігі беріледі

Бұл – жоғары оқу орнына түсуді жеңілдетіп қана қоймай, жастардың тілдік сауаттылығын дамытуға, мемлекеттік тілді жетік меңгеруге деген ұмтылысын қолдауға бағытталған тиімді әдіс.
Фото: gov.kz
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, енді ҚАЗТЕСТ балдарын ҰБТ балдарына ауыстыруға болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Құрметті талапкерлер! Егер сіз ҰБТ-да бейіндік пән ретінде «Қазақ тілін» таңдаған болсаңыз және ҚАЗТЕСТ тапсырған болсаңыз, енді сізде керемет мүмкіндік бар – ҚАЗТЕСТ нәтижелерін ҰБТ балдарына ауыстыруға болады, – делінген арнайы хабарламада.
ҚАЗТЕСТ балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.
ҚАЗТЕСТ сертификаты балын «Қазақ тілі» пәні бойынша ҰБТ балына ауыстыру шкаласы:
ҚАЗТЕСТ бойынша В1 деңгейі = ҰБТ бойынша 42 балл;
ҚАЗТЕСТ бойынша В2 = ҰБТ бойынша 46 балл;
ҚАЗТЕСТ бойынша С1 = ҰБТ бойынша 50 балл.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 13 шілде мен 20 шілде аралығында талапкерлерден гранттар конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдана бастады. Құжаттарды eGov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы (кез келген жақын орналасқан ЖОО-да) тапсыруға болады.
16 шілде 2025 ж. 213 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930