Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр өңіріндегі мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйі

Сыр өңіріндегі мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйі

Фото: ашық дереккөзден алынды
2025 жылдың І жарты жылдығының қорытындысымен Сыр өңірінде мемлекеттік қызметшілердің штат саны 3330 бірлікті құраса, қазіргі таңда нақты жұмыс жасайтын 3251 мемлекеттік қызметшінің 15-і саяси әкімшілік қызметшілері, 3236-ы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілердің ұлттық құрамына келсек, 99,6% қазақ ұлтының өкілдері болса, қалған 0,4% өзге ұлт өкілдері болып келеді.
Өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің ішінде әйелдердің үлесі 45,5%-ы құраса, 20,1%-ы басшылық лауазымдарды, оның ішінде
1-і басқарма басшысы, 4-і департамент басшысы, 9-ы басқарма басшысының орынбасары, 10-ы департамент басшысының орынбасары, 3-і ауыл әкімі, 12-і қалалық және аудандық деңгейдегі дербес бөлім басшылары сияқты түрлі санаттағы басшылық лауазымдарды атқарады.
Мемлекеттік қызметшілердің 95,2%-ы жоғары білімге ие болса, 4,8%-ы орта - кәсіби білімі бар тұлғалар негізінен аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдардағы лауазымдарды атқарады.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің 24,5%-ы екі немесе одан артық жоғары білімге ие және өңірімізде мемлекеттік қызметте 11 ғылым кандидаты, 3 «Болашақ» бағдарламасы мен 24 ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері жұмыс жасайды.
Мемлекеттік қызметшілердің орташа еңбек өтілі 13,1 жылды, орташа жасы 42,3 жасты құраса, 24,6%-ы 35 жасқа дейінгі жастар болып табылады.
Меритократия қағидаттарына сәйкес өңірдегі қызметшілердің мансаптық өсуінде оң нәтижелер байқалады. Атап айтқанда, бос лауазымдарға орналасуға жарияланған ішкі конкурстардың қорытындысымен тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің 67,2%-ы жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалған болса, конкурс өткізілместен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға ауысу тәртібімен жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалғандың үлесі 25,6%.
Сонымен бірге, соңғы 3 жылда таза ауысымдылықпен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың саны азайып келеді. Бүгінгі күнге өңірдегі бұл көрсеткіш 1,8%-ды құрап отыр.
Теріс себептер бойынша 22 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылған.
Бақытжан НҰРАЛЫ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша
департаментінің бас маманы
16 шілде 2025 ж. 130 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031