Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулық сақтау министрлігінде лауазымды тұлғалар Қазақстанға шет елден белгісіз дәрілік препараттар өткізген

Денсаулық сақтау министрлігінде лауазымды тұлғалар Қазақстанға шет елден белгісіз дәрілік препараттар өткізген

Фото: Ru.freepik.com
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев Kazinform порталына берген сұхбатында жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 3,8 трлн теңгеден астам экономикалық шығынның алдын алғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының нәтижесінде бірқатар лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерін тоқтатқан.

“Элеас” компаниясы мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірқатар лауазымды тұлғалары шет елден белгісіз дәрілік препараттарды шикізат ретінде жасырып, контрабандалық жолмен елге кіргізіп, кейін оны жалған өндіріс арқылы Қазақстанда өткізген. Сот шешімімен келтірілген шығын көлемі – 26 миллиард теңге. Сондай-ақ республикалық маңызы бар автожолды қайта жаңғырту жобасын іске асыру барысында 300 миллион теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырған “Қазавтожол” ҰК” АҚ-ның бұрынғы басшысының қылмыстық әрекеті тоқтатылды”, – деді Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев.

Осылайша жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары нәтижесінде 3,8 триллион теңгеден астам экономикалық шығынның алдын алып, бюджетке 254 миллиард теңге қайтарған.
13 шілде 2025 ж. 337 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 15

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031