Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы басталды

ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы басталды

Фото: gov.kz
1 шілдеден бастап үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау мақсатында жыл сайын өткізілетін конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды.
ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы ұйымдардың әлеуетін нығайту және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға ынталандыру мақсатында институционалдық қолдау көрсетуге бағытталған
Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 16 сала бойынша беріледі. Бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК-ті құрайды.
Соңғы 8 жыл ішінде 486 ҮЕҰ қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге қосқан үлесін көрсетіп, сыйлықақыға ие болды. Солардың ішінде жыл сайын шамамен 10 ауылдық ҮЕҰ аудандар мен ауылдарды дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.
Егер сіздің ҮЕҰ қоғам өміріне белсенді қатысып, өз қызметі саласында көшбасшы ретінде танылып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге түбегейлі үлес қосып, жаңашыл идеяларды белсенді іске асырса – үздік ҮЕҰ арасында өтетін конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 қыркүйекте (қоса алғанда) сағат 18:30-да (Астана қаласы уақытымен) аяқталады.
Конкурсқа қатысу шарттары туралы толығырақ келесі сілтеме бойынша білуге болады https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/863651?lang=kk
Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74-09-97, 74-07-41,74-02-17.

09 шілде 2025 ж. 283 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 119

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031