Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күріш, жұмыртқа, ұн: Қазақстанда азық-түлік арзандап жатыр

Күріш, жұмыртқа, ұн: Қазақстанда азық-түлік арзандап жатыр

Қазір шаруалар ерте піскен өнімдерді жинап жатыр
Күріш, жұмыртқа, ұн: Қазақстанда азық-түлік арзандап жатыр
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар көкөніс пен кейбір өнімдер арзандап жатыр. Бұл туралы Үкіметте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкіметтің ақпаратынша, ерте піскен өнімді жаппай жинау басталысымен әлеуметтік маңызы бар көкөніс бағасы төмендей бастаған.
«Егер сәуірде әлеуметтік өнімдердің орташа баға индексі 1,6%-ды құраса, мамырда өсу қарқыны 1%-ға, ал маусымда 0,7%-ға төмендеді. Соңғы аптада өсім небары 0,1% болды. Сонымен қатар, үш апта қатарынан картоп бағасының 1,3 пайызға төмендегені байқалды. Өткен аптадан сәбіз бағасы 0,9%-ға түсе бастады. Күріш, қарақұмық, жұмыртқа, ұн мен макорон өнімдері арзандап жатыр. Нан мен сүт бағасы тұрақты болып тұр», — деді сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.
Оның айтуынша, Қазақстанда отандық азық-түлік өндірісі артып келеді. 2025 жылдың 5 айында оның көлемі 10,5%-ға өсіп, 1,5 трлн теңгені құраған.
Әлеуметтік азық-түліктің ішінде ең көп өсімді қызылша қанты (4,6 мың тоннадан 64 мың тоннаға дейін), өсімдік майы (316,3 мың тоннадан 376,8 мың тоннаға дейін), сары май (13 мың тоннадан 15 мың тоннаға дейін), ұн (1,3 млн тоннадан 1,4 млн тоннаға дейін), ашытылған сүт өнімдері (102 мың тоннадан 106 мың тоннаға дейін), өңделген сүт (264 мың тоннадан 274,6 мың тоннаға дейін) және тағы басқалары көрсетті.



08 шілде 2025 ж. 229 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031