Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жылына 90 млн кірпіш өндіретін зауыт іске қосылады

Қызылордада жылына 90 млн кірпіш өндіретін зауыт іске қосылады

Фото: gov.kz
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов «Қызылорда Саз М» ЖШС жаңа кірпіш зауытының жұмысымен танысты.
Зауытты орналастыру үшін өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен 7 гектар жер телімі бөлінген.
Бүгінде зауыт пен әкімшілік-тұрмыстық ғимараттың құрылысы аяқталып, қажетті жабдықтар толық орнатылған.
Осы кезде өндірістік жабдықтар іске қосылып, зауыт техникалық режимде жұмысын бастады.
Аумақты абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары да жүргізілуде. Жақын күндері ашылу рәсімі өтеді.
Зауыттың басты ерекшелігі – өндіріс процесі толық автоматтандырылған. Экологиялық жағынан да тиімді, яғни басқа кірпіш зауыттарындағыдай көмірмен күйдірмейді.
Жаңа технологиялар өндірістің тиімділігін арттырып, өнім сапасын жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.
Жылына 90 миллион кірпіш өндіруге есептелген кәсіпорын толық іске қосылғанда 70 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.
05 шілде 2025 ж. 305 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 114

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031