Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Испан инвесторларымен біріккен игі бастама

Испан инвесторларымен біріккен игі бастама

Мемлекет Басшысының инвестиция тарту жұмысын күшейту бойынша тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысы шетелдік инвесторлармен байланысты нығайтуда. Солардың бірі санитарлық-техникалық бұйымдар өндірісі саласында тәжірибесі қалыптасқан Испаниялық Roca Group компаниясы. Қос тараптың байланысы негізінде жуырда Қызылорда қаласында санитарлық-техникалық бұйымдар шығаратын зауыттың құрылысы басталады. Зауыттың ашылуы ішкі нарықты отандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Дәурен Әбілқайыров айтты.
- 12 маусым күні Қызылорда облысы үшін маңызды қадам жасалды. Әлемдік деңгейдегі Roca Group компаниясымен бірлесіп, еліміздегі алғашқы санитарлық-техникалық бұйымдар өндірісін іске қосу бойынша Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, облыс әкімдігі және компания арасында негіздемелік келісімге қол қойылды. Осы келісім негізінде 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда зауыт салуға 20 га жер телімі белгіленген. Зауыт Орталық Азиядағы құрылыс саласындағы ең ірі жобалардың біріне айналады. Бұл – өңіріміздің табиғи ресурстары мен инвестициялық әлеуетінің нақты көрінісі. Біздің басты міндетіміз – инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасап, жобаны сапалы әрі уақтылы іске асыру. Жоба тек облыс үшін емес, тұтас Қазақстанның өндірістік әлеуеті үшін маңызды бастама,- деді Дәурен Тұрғанбайұлы.
03 шілде 2025 ж. 299 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 39

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031