Су айдындары салғырттықты кешірмейді

- Облыс аумағында 7 жағажай ресми түрде бекітілген. Облыс тұрғындары мен қонақтарының жаз мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖ Департамент бастығының бұйрығы негізінде күнделікті тәулік бойы жауапты сала мамандарын тарта отырып рейдтік жұмыстар ұйымдастырылуда. Облыс аумағындағы су айдындарында жыл басынан 559 рейдтік жұмыс жүргізіліп, 29 585 тұрғынға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді және үнпарақтар таратылды. Сондай-ақ аталмыш профилактикалық жұмыстарға 301 ерікті қатыстырылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы — «Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау» бойынша 23 азаматқа, оның ішінде балаларын қараусыз қалдырған ата-аналарға әкімшілік хаттама толтырылып, оларға айыппұл салынды. Алдағы уақытта атқарылып жатқан жұмыстар жалғасатын болады,- деді Жандос Шайымұлы.