Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжат қабылдау басталды

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжат қабылдау басталды

Талапкерлерге 4 мамандық пен 4 колледжді таңдап, бір уақытта құжат тапсыру мүмкіндігі берілген.
Фото: iStock
25 маусымнан бастап Қазақстанда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжат қабылдау басталды. 2025-2026 жаңа оқу жылында грант негізінде 150 мың талапкерді қабылдау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы (гранттар) геология, машина жасау, энергетика, IT, металлургия, көлік және тағы да басқа техникалық мамандықтар бойынша артты.
Құжаттарды электронды үкімет порталы eGov.kz арқылы немесе колледжге барып тапсыруға болады.
Орта буын және қолданбалы бакалавриат мамандықтарына түсу үшін байқау міндетті және бейіндік пәндер бойынша аттестаттың орташа балы негізінде өткізіледі.
Жұмысшы біліктілігін алғысы келетін түлектер колледжге әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылданады.
Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін эссе немесе диктант, ал медициналық мамандықтар бойынша бейіндік емтихандар өткізіледі.
Орта буын мамандықтары бойынша (9 және 11-сынып) құжат қабылдау 25 маусым мен 22 тамыз аралығында өтеді. Шығармашылық мамандықтар бойынша — 25 маусымнан 20 шілдеге дейін. Педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша — 25 маусымнан осы жылдың 10 тамызына дейін.
Сондай-ақ колледжге қабылдау кезінде Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №261 бұйрығына сәйкес квота көзделген. Бұйрықтың толық мәтінімен «Әділет» құқықтық порталында танысуға болады.
26 маусым 2025 ж. 107 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30