Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік бақылау күшейді: 28,8 млн теңгеге айыппұл салынды

Әлеуметтік бақылау күшейді: 28,8 млн теңгеге айыппұл салынды

2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 430 нысанда тексеру жүргізді. Оның ішінде 201-і – жоспардан тыс, 99-ы – профилактикалық бақылау аясында, ал 130-ы – прокуратура тапсырмасы бойынша өткен. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.
Фото: Pixabay.com
Тексерулер нәтижесінде 192 ұйғарым беріліп, 28,8 млн теңгеден астам сомаға 341 айыппұл салынды. Бақылау балабақшалар, мектептер, ауруханалар, сауда орындары, көлік инфрақұрылымы, әлеуметтік мекемелер және мәдениет ұйымдарын қамтыды.Павлодар облысы бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті бірнеше нысанда жоспардан тыс тексерулер жүргізіп, бірқатар бұзушылықтарды анықтады. Мысалы, әлеуметтік қызметтер порталына жеткізушілерді тіркеу тәртібін бұзған мекемеге ұйғарым шығарылды.Сонымен қатар, өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды мүгедектігі бар азаматтарға бейімдеу бойынша оң өзгерістер байқалуда. Павлодар қаласының тұрғындары бірқатар медициналық және спорт мекемелерінде пандустар, тактильді жолақтар, арнайы санитарлық бөлмелер сынды қолжетімді орта қалыптасып келе жатқанын атап өтті.Бұл ретте әлеуметтік инспекторлардың айтуынша барлық өңірлерде мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеудегі оң өзгерістер бар. Мұны ерекше қажеттіліктері бар адамдар да растайды.
– Мәселен, №3 және №4 қалалық емханалардың аумағында мүгедектерге арналған көліктер тұрағы бар, ал кіреберіс пандустармен жабдықталған. Емхана ғимараттарының кіреберісіне көзі нашар көретіндер үшін мнемосхемалар, ғимараттардың өзінде тактильді жолақтар және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған санитарлық-тұрмыстық бөлмелер қарастырылған. «Баянтау» спорт сарайы, «Автомобилист» спорт кешені, «Olimpic» бассейні, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған спорт нысандары, – деп бөлісті Павлодар қаласының тұрғыны, бірінші топтағы мүгедек Юлия Петрусева.
Бұған дейін хабарланағндай, Қазақстандықтар 310 млрд теңге сомада жәрдемақы мен әлеуметтік төлем алды. 

21 маусым 2025 ж. 156 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30