Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биржада доллар бағасы өсті

Биржада доллар бағасы өсті

Фото: istockphoto.com
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 1,92 теңгеге өсіп, 521,57 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Ұлттық банкінің ресми доллар бағамы 20 маусымға 519,55 теңгені құрайды.
Kurs.kz сайтының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу орташа есеппен 521,85 теңге, сату – 524,19 теңге. Астанада долларды орта есеппен 519,59 теңгеден сатып алып, 525,62 теңгеден сатып жатыр.
Еске сала кетейік, 16 маусымдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 0,34 теңгеге, 17 маусымда 4,85 теңгеге, 18 маусымда 1,13 теңгеге, ал 19 маусымда 0,63 теңгеге өскен болатын.
20 маусым 2025 ж. 388 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031