Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жаңа мемлекеттік мереке және демалыс күні пайда болады

Қазақстанда жаңа мемлекеттік мереке және демалыс күні пайда болады

Фото: pexels.com
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейітжанның Балаларды қорғау күні туралы ұсынысына қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылғы 14 мамырда Кенжеғұл Сейітжан Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі палатасының жалпы отырысында 1 маусым – Балаларды қорғау күнін мемлекеттік мереке және сәйкесінше демалыс күні етіп белгілеуді ұсынды.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы Светлана Жақыпова депутаттық сауалға жауап беріп, Балаларды қорғау күні көптеген елдерде балалардың өмірін жақсартуға бағытталған қайырымдылық акциялары өткізілетінін, балалардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша маңызды және өзекті мәселелерді талқылап, бүкіл әлемде балалар кездесетін өткір проблемалар көтерілетінін еске салды.
"Балалардың өздері үшін 1 маусым демалыстың басталуымен, демалуға, көңіл көтеруге және қызықты нәрселермен айналысуға мүмкіндік берумен байланысты. Дәстүр бойынша бұл күні ата-аналар балаларын ойын-сауық саябақтарына, ойын орталықтарына серуендетіп, жалпы мерекелік көңіл-күй қалыптастырады", – деді министр.
Оның айтуынша, бұл мереке ата-аналар мен балаларға бірге уақыт өткізуге, мәдени-танымдық және қоғамдық шараларға қатысуға мүмкіндік береді. Бұл, Светлана Жакупова атап өткендей, баланың психоэмоционалдық жағдайына оң әсер етеді және оның отбасының жанында өзін толық қауіпсіз сезінуге мүмкіндік береді.
"Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, сондай-ақ елімізде отбасы және отбасылық құндылықтар институтын нығайту мақсатында 1 маусымды ұлттық мереке – Балаларды қорғау күні ретінде белгілеуді мүмкін деп санаймыз", – деп қорытындылады Еңбек министрлігінің басшысы
.
19 маусым 2025 ж. 287 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 148

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 140

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930