Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Билік киік санын реттеуді Қытайға сыйлаудан бастады

Билік киік санын реттеуді Қытайға сыйлаудан бастады

Фото: zhasalash.kz (ЖИ)
«Орта Азия – Қытай» саммитінен кейін «Қазақстан Қытайға 1 500 киік тарту етеді» деген ақпарат жұрт назарын аударды.
 Көпшілік саммитте сөз болған саяси-экономикалық келіссөздерден гөрі осы ақпаратқа қызығушылық танытып отыр. Отандық БАҚ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлағандай, Қытай батыс өңірлерінде киік санын қайта қалпына келтіруге ниетті, сол үшін Қазақстан оларға киік беріп, көмектесу туралы шешім қабылдаған.
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин осы көмегі үшін Қазақстан президентіне алғыс білдіріп, Қытай киік популяциясын қайта қалпына келтіруді жоспарлап отырғанын айтқан. 17 маусым күні Қазақстан Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұл ақпаратты растап, осындай тапсырма түскенін хабарлады. Ал 18 маусымда министр Ерлан Нысанбаев Қытайға 1,5 мың киікті сыйға тарту экожүйе мен аграрлық секторға әсер етпейтінін мәлімдеді. «1 500 киік ешқандай рөл атқармайды. Бірақ тұрақтылықты қамтамасыз ету жағынан көмектеседі», – деді министр.
Қазақстан киікті Қытайға қашан, қалай жеткізіп беретіні әззірге белгісіз. Бірақ желідегі жұрт бұл шешімді сан-саққа жүгіртіп жатыр. Біреулер «1,5 мың киік Си Цзиньпиннің 72 жасқа толған туған күніне берілген сыйлық» десе, екінші топ мұның «дипломатиялық қадам» екенін айтады. Олардың айтуынша, Қытай ежелден екіжақты достықты нығайтуға символдық белгі ретінде панда сыйлайды екен. Панда Қытайдың ұлттық символы болғандықтан, оны сыйға тарту Бейжіңнің сол елге үлкен құрметін білдіреді. Ақорда осы қисынға сүйеп, қазақ даласындағы сұлу жануар – ақбөкенді Қытайға сыйлап отыр-мыс.
Бірақ киікті – Қазақстанның символы деуге келе ме? Қазақ сыйлы қонағына ат мінгізіп, шапан жабатын. Тіпті үйірлеп жылқы айдатып жіберетін. Киік айдатыпты дегенді естігеніміз – осы. Қазақстанда киік саны 3,9 миллионға жетті деген ақпарат бар. Нысанбаев айтпақшы, киікке бай Қазақстан үшін «1,5 мың ақбөкен ешқандай рөл ойнамайды», керісінше, сол арқылы киік санын азайтып аламыз десе жарасады. Мұндай сыйлықты көрмеген қазақстандықтар қазір оны қалай жеткізіп береміз деп бас қатырып отыр. Онсыз да егіске түсіп, мал жайылымын таптап жатқан миллиондаған киікті қай сайға айдарын білмей отырған билік 1 500 киікті қалай жеткізетінін әлі айта қоймады. Нысанбаевтың да басы қатып отырған шығар.
Не де болса бір қызық болайын деп тұр. Қуырдақтың көкесі 1 500 киікті Қытайға апарарда болып жүрмесе деңіз...
19 маусым 2025 ж. 123 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30