Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның бірнеше өңірінде бидай әдеттегіден кеш піседі

Қазақстанның бірнеше өңірінде бидай әдеттегіден кеш піседі

© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
Қазақстанның негізгі астықты белдеуінде бидай уақытылы піседі. Бұл туралы "Қазгидрометтің" жаздық бидайдың пісу мерзіміне қатысты алдын ала болжамында айтылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҚХА ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Алдын ала есептеу бойынша 2025 жылы негізгі астықты аймақтарда жаздық бидайдың фенологиялық пісу уақыты негізінен әдеттегі уақыт шамасында болады деп болжанып отыр", - делінген ақпаратта.
Мына өңірлерде әдеттегіден кеш піседі деп болжанды:
Қостанай облысының Б.Майлин ауданында;
Ақмола облысының Сандықтау, Бұланды, Бурабай аудандарында және Біржан сал ауданында;
Павлодар облысында Успен ауданында.
Мына өңірлерде бидай әдеттегіден ерте піседі:
Жетісу облысының Қаратал ауданында;
Павлодар облысының Ертіс ауданында;
Абай облысының Үржар ауданында;
Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында.
Қазақстанның астық одағы хабарлағандай, ылғал қоры тез жойылып барады. Толық тамыр жүйесін дамыта алмаған кеш дақылдар тәуекелге ұшырайды. Осы аптада (16-22 маусым) аптап ыстықтың беті қайтады, жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Айта кетері, Қазақстанда биылғы егіс науқаны ауа райы мен климаттық жағдайға байланысты әдеттегіден ерте басталды.
19 маусым 2025 ж. 128 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30