"Ауыл аманаты" жобасы бойынша несие беру шарттары түсіндірілді
Бүгін аудандық партия филиалында «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде арнайы тақырыптық қабылдау өтті. Іс-шара барысында жобада қарастырылған 2,5 пайыздық жылдық мөлшерлемемен берілетін несиенің талаптары мен қаржыландыру бағыттары жайлы толық мәлімет ұсынылды.Айта кетейік қабылдауға аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Сапарбек Қуатов, кәсіпкерлер палатасының Қазалы ауданындағы филиалының директоры Маржан Ким және партия филиалының сарапшысы Алтынай Кенжалиева қатысты.
#AMANAT














