Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді әлеуметтік төлемдерді алу жолы жеңілдейді

Енді әлеуметтік төлемдерді алу жолы жеңілдейді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан кейбір әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру және тоқтату процестерін автоматтандыру мақсатында пилоттық жобаны іске қоспақ.
Фото: fingramota.kz
Бұл жоба туралы ақпарат "Ашық НҚА" порталында 2025 жылдың 27 маусымына дейін қоғамдық талқылауға шығарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жобаның басты мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету уақытын қысқарту. Осылайша, МӘСҚ филиалдарының қызметкерлері шешім қабылдау процесінен шеттетіліп, төлем алушылардың шотына қаражат жылдам түсірілетін болады. Сонымен қатар, әлеуметтік төлемдерді уақытында тоқтата тұру мен тоқтатуды қамтамасыз ету көзделген.
Пилоттық жоба аясында тек "Электрондық үкімет" және "Электрондық еңбек биржасы" порталдары арқылы келіп түскен өтініштер, екінші деңгейдегі банктердің өтініштері және проактивті түрде тағайындалатын әлеуметтік төлемдер қаралады.

Өтініш берушілерге қойылатын негізгі талаптар:
Әлеуметтік аударымдар тек бір төлеушіден түсуі керек (бірақ жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалығы басшылары бұл талапқа кірмейді);
Әлеуметтік аударымдар уақытында төленуі тиіс (есеп айынан кейінгі екінші айдың 5-күнінен кешіктірмеу қажет);
Қызметкердің ай сайынғы табысы міндетті төлем деңгейімен сәйкес болуы керек;
Қажетті құжаттар толық және цифрландырылған түрде болуы тиіс.
Бұл талаптар бизнес-процестерді оңтайландыруға және автоматтандыру тиімділігін арттыруға көмектеседі.
16 маусым 2025 ж. 279 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031