Қызылорда қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары: Уақыты мен мекенжайы туралы маңызды ақпарат

Қызмет көрсету орындарының орналасқан мекенжайлары төмендегідей:
•Ғ.Мұратбаев көшесі, 2Е – қала орталығына жақын, тұрғындар жиі келетін негізгі орталықтардың бірі;
•Астана даңғылы, 46 – бұл жерде орналасқан ХҚКО цифрлы форматта қызмет көрсетіп, заманауи технологияларды қолдануымен ерекшеленеді;
•Ұ.Қараманов көшесі, 98 – халыққа кең ауқымды қызмет көрсететін тағы бір орталық;
•Тасбөгет кенті, Жаңадария шеткелі, 91 – Мамандандырылған ХҚКО, көлікке қатысты қызметтерге сұранысы жоғары тұрғындар үшін ыңғайлы орын.
Барлық ХҚКО-лар дүйсенбі мен жұма аралығында, таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Алайда, жұмысбасты тұрғындардың қажеттілігін ескере отырып, Қызылорда қаласында екі кезекші ХҚКО жұмыс істейді. Олар –:
•Цифрлы ХҚКО (Астана даңғылы, 46)
•Мамандандырылған ХҚКО (Тасбөгет кенті, Жаңадария шеткелі, 91)
Аталған орталықтардың ерекшелігі – ұзартылған жұмыс уақыты. Олар дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күні 9:00-ден 13:00-ке дейін қызмет көрсетеді. Бұл – демалыс күндері де мемлекеттік қызмет алуға мүмкіндік беретін үлкен жеңілдік.
Бүгінгі цифрлық дәуірде азаматтарға уақытты тиімді пайдалану мен сапалы қызмет алу маңызды. Қызылордалық ХҚКО-лар осы талаптарға сай жұмыс істеп, халыққа қолжетімді, ыңғайлы әрі жылдам қызмет көрсету арқылы өз миссиясын ойдағыдай атқаруда.