Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек жағдайында зардап шеккендерге жағдайына қарамастан қолдау көрсетіледі

Еңбек жағдайында зардап шеккендерге жағдайына қарамастан қолдау көрсетіледі

Фото: pixabay.com
Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айтуынша, былтырдан бастап кәсіби еңбекке қабілеттіліктен айырылу бойынша сақтандыру төлемдері өзгеше төленеді.

2024 жылдан бастап кәсіби еңбекке қабілеттіліктен айырылу бойынша сақтандыру төлемдерін тағайындағанда жұмыскердің кінәсін есепке алу тоқтатылды. Бұрын мұндай жағдайлар төлемдерден бас тартуға себеп болды. Енді барлық зардап шеккендерге жағдайына қарамастан қолдау көрсетіледі, - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар ведомство басшысы теңсізікті жою – басты мақсат деп отыр.

2015 жылғы мамырдан кейін еңбекке қабілеттілігінен айырылған жұмыскерлерге бірдей жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізілуде. Мақсат – сақтандыру жағдайының тіркелген күніне қарай қолдау шараларындағы теңсіздікті жою. Бұл мәселені Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қаржы министрлігі және жұмыс берушілер бірлестіктері бірлесіп қарап жатыр, - деді Светлана Жақыпова.

Еске салайық, былтыр жазатайым оқиғадан 200-ден астам жұмысшы қаза тапқан.
10 маусым 2025 ж. 158 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30