Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қосылу ақысы - 1380 теңге". Майғазиев көпті ұлының тойын онлайн тамашалауға шақырды

"Қосылу ақысы - 1380 теңге". Майғазиев көпті ұлының тойын онлайн тамашалауға шақырды

Сурет/Instagram/Saken_maigaziyev
Танымал әнші Сәкен Майғазиев көпшілікті ұлы Әділет пен келіні Әдияның үйлену тойын онлайн көруге шақырды. Тікелей эфирге қосылу құны - 1380 теңге. Ерекше ұлттық реңкте той өткізетінін жариялаған әнші бұл ақшаны пайда табу мақсатында жинап отырмағаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тележүргізуші Анна Данченко әншінің тойын онлайн көру неге ақылы болғанын түсіндірді. Оның айтуынша, бұл қадам ақшалай пайда табу үшін емес, техникалық шығындарды өтеуге жұмсалмақ.
"Тойды тікелей эфирде көрсету арнайы келісіммен жүзеге асады және ол қызмет ақылы. Жиналған қаржы Сәкеннің жеке кірісі емес, трансляцияға жұмылдырылған түсіру тобы мен сервер шығындарын өтеуге бағытталады", – дейді Данченко.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Әділет пен Әдияның қуанышына арнайы Telegram-арнасы ашылған. Тойды үйінде отырып-ақ тамашалағысы келетін жұрт осы арнаға тіркеліп, мерекенің ең жарқын сәттерін көре алады.
"Тойға жәй қатысайық, дастарқанға отырмаймыз" деген адамдар да болды. Сол секілді "бара алмаймыз, алыс сапарда едік" дегендер де бар. Сол жайттың барлығын ескердік. Ұлымыздың үйлену тойын сіздермен бөлісу үшін арнайы жабық Telegram-арнасын аштық. Бұл арнада тойдың ерекше әрі қызықты сәттерін онлайн тамашалауға мүмкіндік бар. Қуанышымызға ортақтасып, онлайн тойымыздың қадірлі қонағы болуға шақырамыз", – дейді әншінің өзі.
10 маусым 2025 ж. 255 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 208

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930