Kaspi Жұма 20, 21 және 22 маусымда өтеді

Бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесі 20, 21 және 22 маусымда өтеді. Осы үш күн ішінде қазақстандықтар көптеген тауарларды Kaspi.kz серіктестерінен тиімді бағамен, 70%-ға дейін жеңілдікпен және көтеріңкі бонуспен сатып ала алады. Жаз – белсенді кезең: жөндеу жұмыстарын жасау, киім жаңарту, демалысқа шығу, ал күннің ыстығында – ауа баптағыштар, тоңазытқыш, бассейн, күннен қорғайтын көзілдірік және жайлы өмірге қажет басқа да заттар ауадай қажет. Барлық адамдар өздерін және жақындарын жақсы, пайдалы заттармен қуанту үшін Kaspi.kz тағы да Kaspi Жұма-ны өткізеді.
Биылғы Kaspi Жұма-ға Adidas, ADILI, Alser, EuroMebel, EVRIKA, Қазақювелир, Kari, KIMEX, Комфорт, Мечта, Mon Amie, Nike, Pandora, Tommy Hilfiger, Calvin Klein, Diesel, Sman, Sulpak, Technodom, Zeta, 1Fit және басқа да сияқты танымал дүкендер мен брендтер тағы да қатысады.
Kaspi Жұма-ны тек тұтынушылар ғана емес, қазақстандық кәсіпкерлер де асыға күтеді. Бұл күндері олар сауда көлемін бірнеше есе ұлғайтып, бизнесін дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашады. Ал мемлекет үшін бюджетке түсетін салықтың артуы және электрондық сауданың дамуы сынды тиімділігі бар.
Kaspi.kz туралы
Kaspi.kz миссиясы – клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистерді жасау. Инновацияларының орталығында – елдегі ең танымал Kaspi.kz мобильді суперқосымшасы тұр. Оны Қазақстанда 15 миллионға жуық адам пайдаланады. Қосымшада елдегі жетекші электрондық сауда, төлем және қаржылық қызметтер шоғырланған.
Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізу қызметімен бірге тиімді онлайн сауда жасап, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаражатын басқарады, ұшақ пен пойыз билеттерін сатып алады, турлар рәсімдейді, ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.
Kaspi.kz кәсіпкерлерге арналған Kaspi Pay суперқосымшасын да әзірледі. Оны 700 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay арқылы олар бизнесті дамытуға қаржы алады, төлем қабылдайды, жарнама кампанияларын іске қосады, салық төлейді, электрондық коммерция және жеткізу платформасына қосылып, тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.
Гарвард бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын жазды. Бұл материалдар бойынша бірнеше жылдан бері магистратура студенттері білім алып келеді.