Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанадағы LRT құрылысының жартысы аяқталды

Астанадағы LRT құрылысының жартысы аяқталды

Астанада жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі күні рельстің 11 шақырымы төселіп, бетонмен нығайтылды, бұл желінің эстакадалық бөлігінің жалпы ұзындығының 50% құрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты CTS компаниясына сілтеме жасап.

Шпал төсеу және рельс монтаждау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес барлық учаскеде жүргізіліп жатыр.

Құрылыс жұмысы негізгі нысандардың – «Нұрлы жол» теміржол вокзалының, Халықаралық әуежайдың, Министрліктер үйінің және Республикалық бас мешіттің маңында жалғасып жатыр.
Қазіргі уақытта барлық құрылыс және инженерлік жұмыс қалыпты режимде атқарылып жатыр.

Сонымен қатар, станциялар инфрақұрылымы мен электрмен жабдықтау жүйелерін дайындау жұмысы жүріп жатыр. Астанадағы жеңіл рельсті көлікті сынақтық іске қосу 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.
05 маусым 2025 ж. 226 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930