Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүддеміз де, жолымыз да, мұратымыз да ортақ - Президент

Мүддеміз де, жолымыз да, мұратымыз да ортақ - Президент

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент биыл мемлекеттілігіміздің берік тірегі Ата Заңымыз қабылданғанына 30 жыл толатынын еске салды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Негізгі заң біздің қоғам арқа сүйейтін басты қағидаттардан тұрады. Конституция арқылы заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз етіп, ауқымды өзгерістерді кезең-кезеңімен қолға алып жатырмыз. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне әрқайсысымыз үлес қосып келеміз. Бізді көк паспортымыз, реформалардың жасампаз қуатына деген ортақ мақсат пен мызғымас сенім біріктіреді. Қазақта "Туы бірдің түбі бір, жолы бірдің жүгі бір" деген сөз бар. Еліміздегі түрлі этнос өкілдері көк байрақтың астында тұтасып, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біздің мүддеміз де, жолымыз да, мұратымыз да ортақ. Бұл – Әділетті, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстан құру. Осы береке-бірлігімізді сақтап, нығайта берсек, кез келген биікті бағындырамыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Содан кейін Президент оқуын үздік бітірген курсанттарға Ту түбінде шен тапсыру жақсы дәстүрге айналғанын айта келіп, жас сарбаздарға сөз арнады.
"Көк байрақ жауынгерлерге айрықша күш-жігер береді, отаншылдық рухын көтереді. Осындай сәттерде әр азамат туған елге қызмет ету перзенттік парызы екенін терең ұғынады. "Тұлпар мініп, ту алған" жаужүрек батырлардың ұрпағы екенін сезінеді. Отан күзетінде тұрған ұландарымызды баһадүр бабалардың бүгінгі ізбасары деуге болады. Қастерлі Туымызды әрдайым тік ұстаңыздар! Мен бұған кәміл сенемін! Байрағымыз биікте желбіресін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!" – деді Мемлекет басшысы.
Ту көтеру рәсіміне мемлекеттік органдардың басшылары, Парламент депутаттары, Ұлттық құрылтай мүшелері, Халық қаһарманы мен Қазақстанның Еңбек Ері атағының иегерлері, жоғары әскери оқу орындарының курсанттары мен олардың туыстары қатысты.

04 маусым 2025 ж. 208 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 147

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 139

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 126

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930