Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанадан Бурабайға жаңа электр пойызы қатынайды

Астанадан Бурабайға жаңа электр пойызы қатынайды

Фото: Ашық дереккөз
Еліміздің теміржол желісінде жолаушылар үшін қолайлы жаңа бағыттар іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжановтың хабарлауынша, 2025 жылдың шілде айынан бастап Астана мен Қарағанды арасында жүрдек электр пойызы қатынай бастайды.

«567 орынға арналған бұл заманауи пойыз жолаушыларға жайлы әрі жылдам қатынау мүмкіндігін ұсынады. Ал биылғы күзде Астана мен Бурабай курорттық аймағы арасында жаңа электр пойызы жолға шығады. Жол жүру уақыты – шамамен 2,5 сағат, ал пойыз 360 жолаушыға арналған», деді Жәнібек Тайжанов.

Сонымен қатар, биыл 226 жаңа жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланған.

«Бұған дейін жыл сайын 150-180 вагон алынған болса, 2029 жылға дейін жыл сайын 200-ден астам вагон сатып алынады. Бұл еліміздің жолаушылар вагоны паркін толығымен жаңартуға жол ашады», делінген хабарламада.

Айта кетейік, Stadler Kazakhstan зауыты да 2024 жылдан бастап жолаушылар вагондарын шығаруды бастаған.
29 мамыр 2025 ж. 743 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 194

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 194

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930