Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Павлодар тұрғыны кішкентай баланы құтқарғаны үшін марапатталды

Павлодар тұрғыны кішкентай баланы құтқарғаны үшін марапатталды

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Павлодар қаласының тұрғыны Мадина Ибраева төтенше жағдай кезінде көрсеткен батылдығы мен жеделдігі үшін марапатталды, деп хабарлайды
BAQ.KZ.

Павлодар облыстық ТЖД мәліметінше, ол төртінші қабаттағы ашық терезеде тұрған кішкентай қызды байқап, бірден 112 қызметіне хабарлаған.

Құтқарушылар келіп жеткенге дейін Мадина қыздың назарын өзіне аударып, оның терезе шетіне жақындауына жол бермеген. Осылайша, ол қайғылы оқиғаның алдын алуға көмектесті. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, төрт жасар қыз сол сәтте үйде жалғыз болған.

Облыстық ТЖД бастығы Рустамбек Амрин Мадина Ибраеваға алғыс хат табыс етті. Ол мұндай азаматтық ерлік пен белсенді әрекеттер қауіпті жағдайларда үлкен рөл атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, павлодарлық тұрғынның әрекеті – кез келген адамның батыл қадам арқылы өмір сақтап қала алатынының жарқын мысалы.
27 мамыр 2025 ж. 984 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031