Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл 11,8 мыңнан астам отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

Биыл 11,8 мыңнан астам отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

Фото: primeminister.kz
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті.
Жиында Олжас Бектенов тұрғын үй саясатын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударып, «Бәйтерек» холдингінің экономиканың нақты секторын қаржыландыру жөніндегі басым міндетін атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекет басшысының экономиканың нақты секторын қаржыландыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруға назар аударылды. Директорлар кеңесінің мүшелері Холдингтің бизнесті мемлекеттік қолдау құралдарымен қамтуды арттыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстар туралы хабардар етілді.

Биылғы үш айда ШОБ-ты қолдауға бағытталған жалпы сома 439 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға артық. Қазақстанның даму банкі арқылы 292,1 млрд теңгеге 9 инвестициялық жоба және 9 экспорттық операция қаржыландырылды.

Өнеркәсіпті дамыту қоры 94,5 млрд теңгені құрайтын 75 лизингтік операция мен қарыздар берілді. Агроөнеркәсіп секторын дамыту бойынша Президент алға қойған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 3,2 мыңнан астам АӨК субъектісі мемлекеттік қолдаумен қамтылды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 233,4 млрд теңге сомасына қаржыландырылды, оның ішінде көктемгі дала жұмыстарына 134,9 млрд теңге бағытталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қазақстандық шаруалар 1,2 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алды. Биыл ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды инвестициялауға алғаш рет «Бәйтерек» ҰБХ құралдары арқылы шамамен 8 трлн теңге бөлінуде. Осы шаралардың нәтижесінде экономиканың серпінді өсуі және жаңа жұмыс орындарын ашу күтіліп отыр.

    «Қазір Холдинг іске асырып жатқан басым міндеттердің бірі – экономиканың нақты секторын қаржыландыру. Экономикаға, еліміздегі бірқатар аса маңызды индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жоспарланған 8 трлн теңгенің игерілуі қазірдің өзінде 2 трлн теңгеге жақындап қалды. Құрылыс маусымы өзінің белсенді кезеңіне енді ғана енгенін ескерсек, қарқын жаман емес. Мен “Бәйтеректің” барлық еншілес құрылымдарының нақты, үйлесімді жұмыс істеу қажеттілігіне назар аударғым келеді. Бұл міндет қазіргі жағдайда оңай емес, бірақ біз өз міндеттемелерімізді орындаймыз. Холдинг, мемлекет капиталдандыру бойынша өз міндеттемелерін орындаған жағдайда, экономиканы 8 трлн теңгеге қаржыландыру жөніндегі міндетті орындайтынына сенімдімін», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ұлттық экономика және қаржы министрлігіне Холдингтің уақытылы капиталдандырылуын қамтамасыз ету тапсырылды. Тұрғын үй саясатын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды. Мәселен, осы жылдың 1 тоқсанында 11,8 мыңнан астам қазақстандық отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. «Отбасы банк» АҚ 225,2 млрд теңге сомасына қарыз берді, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» 27,6 млрд теңгеге кепілдік берді. Директорлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша нәтижелілікті әрі қарай арттыру мақсатында Холдингтің инвестициялық саясатын, сондай-ақ ұйымдастырушылық және қаржылық бағыттарды жетілдіру бойынша бірқатар құжат қабылданды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.
22 мамыр 2025 ж. 170 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031