Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы орнықты даму мен цифрландыруға қосқан үлесі үшін халықаралық марапатқа ие болды

Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы орнықты даму мен цифрландыруға қосқан үлесі үшін халықаралық марапатқа ие болды

Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы (МЖӘ) БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) қолдауымен Сербия астанасы Белград қаласында өткен ІХ Халықаралық МЖӘ форумында халықаралық марапатқа ие болды. Халықаралық қазылар алқасы Орталықтың орнықты даму мақсаттары мен цифрлық трансформация қағидаттарына сәйкес келетін МЖӘ жобаларын ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

«Бұл марапат – бүкіл кәсіби ортаның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Қазақстан МЖӘ тетіктерін халықаралық стандарттарға сай жетілдірумен қатар, цифрлық технологияларды тиімді енгізу арқылы саланың сапалы дамуына жол ашып отыр», – деді «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Аслан Қалиғазин.

Орталықтың мәліметінше, 2006 жылдан бері елімізде жалпы 2,6 трлн теңге сомасына 1100-ден астам келісімшарт жасалған. Жобалардың негізгі бағыттары – білім беру, денсаулық сақтау, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы болып табылады. Бұл ретте рәсімдердің ашықтығына, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және инвестициялық тартымдылықты арттыруға баса назар аударылып отыр. Жобаларды конкурстық іріктеу үшін веб-портал іске қосылып, тікелей келіссөздер жүргізу тәжірибесіне шектеу қойылды, МЖӘ және концессиялар туралы заңдар біріктірілді. Жобаларды жүзеге асыру саны бойынша Түркістан, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстары көш бастап тұр.

МЖӘ саласындағы негізгі бағыттардың бірі – әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту. 2023 жылғы қарашада Үкімет 2024-2028 жылдарға арналған МЖӘ дамытудың кешенді жоспарын бекітті. Құжат білім беру, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қорғау салаларындағы 43 жобаны қамтиды.

t.me/presseconomy
22 мамыр 2025 ж. 370 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930