Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баймырза ҚОЖАМБЕРЛИЕВ: Атымды аймаққа белгілі ақын қойған

Баймырза ҚОЖАМБЕРЛИЕВ: Атымды аймаққа белгілі ақын қойған

Қазалы талай дарын дүниеге келген киелі топырақ. Осы қасиетті мекенде кіндік қаны тамып, қазіргі таңда елдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген ерлер жетерлік. Бірі өнерімен өрістесе, енді бірі білімнің биік шыңығ бағыдыруда. Ал газетіміздің тұрақты «Қазалы перзентттері» айдарының кейіпкері – Кожамберлиев Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы,профессор Баймырза Қожамберлиев.
Баймырза Қожамберліұлы Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальімен, Қазақстан Ресупбликасы тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың алғыс хаттарымен, Нұр Отан партиясының «Белсенді қызмет үшін» медальімен, Республикалық «Аманат» партиясының төрағасы А.Ж.Қошановтың Алғыс хатымен марапатталған. Қызылорда облысы әкімінің ғылым, мәдениет саласындағы тағайындалған 2006 жылғы стипендианты, Қазақстан Республикасының Жоғары Оқу орнының «Үздік оқытушысы – 2009» грантының иегері атанған.
– Баймырза Қожамберліұлы, есіміңіз елге таныс. Дегенмен оқырманға өзіңізді толығырақ таныстырып өтсеңіз...
– Мен 1955 жылдың 20 наурызда Қазалы ауданының Майдакөл ауылында дүниеге келгенмін. 1972 жылы Қызылорда қаласындағы 4 орта мектепті бітірдім. 1975-1980 жылдар аралығында Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің философия және саяси экономика факультетінің философия бөлімінде оқыдым. 1980 жылы ҚазССР Оқу Министрлігінің жолдамасымен Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің философия кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент, университет кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметтерін абыроймен атқардым. 1992 жылы Алматы қаласындағы Философия институтының Ғылыми диссертациялық кеңесінде «Формирование политического сознания тружеников села» тақырыбында философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғадым.
– Сыр өңіріндегі еңбек жолыңыз қалай өрбіді?
– 1997 жылдан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде философия және экономика кафедрасының доценті, 1998-2007 жылдар аралығында философия және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, университет оқытушылары мен қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы, 2007-2011 жылдар аралығында «Тарих және құқық» факультетінің деканы қызметінде болдым.
2020 жылдан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде философия және мәдениеттану кафедрасының профессоры қызметін атқарып келемін. 2005 жылы 23 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің жанындағы докторлық диссертациялық Кеңесте «Рухани және әлеуметтік болмыс дамуының ара қатынасы» тақырыбында философия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне диссертация қорғадым. Ғылыми кеңесшім Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор М.С.Аженов.
2005-2010 жылдары аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің жанындағы докторлық диссертациялық Кеңес мүшесі болдым.
– Біз білерде бірнеше жинақтарыңыз жарық көрді...
– Иә, «Мәдениеттану әлемі», «Саяси сана», «Болмыс философиясы» тақырыбында монографиялық еңбектері және ғылыми-саяси танымдық «Үлкен Саясат:Тұлғалар мен тағдырлар», «Сталиннен Горбачевқа дейін» (авторлармен бірлесіп) және әлеуметтік философия, мәдениеттану, дінтану саласы бойынша жазылған 200-ден астам ғылыми, әдістемелік мақалалардың авторымын.
Көптеген халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға қатысып, баяндамалар жасадым. Қала, облыс деңгейіндегі мәдени, рухани және саяси іс-шараларға белсене қатысуға тырысамын. Облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасының орынбасары, «Аманат» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық кеңесінің төрағасы қызметтерін қоғамдық негізде атқарып келемін.
– Аға, туған жер дегенде көз алдыңызға қандай көрініс келеді?
– Жоғарыда атап өткенімдей менің туған ауылым Майдакөл деп аталады. Қазалы ауданының аумағында орналасқан. Сырдарияның арғы бетінде Асандар елі деп те атап жатады. Мен осы ауылда туып өстім. 8 жылдық мектепті бітірдім. Шағын ғана ауыл болғанымен жері өте қасиетті. Әркімнің туған жері – өзіне жұмақ мекен. Менің де туған жерге табаным тигенде тынысым ашылып, бойымды өзгеше сезім билеп кетеді. Балалық шағымның куәсі сол ашық аспан. Ауылымды аңсағанда сонда өткен қызықты сәттерім еске оралып, көз алдымда көлбеңдейді.
Біздің елден белгілі тұлғалар туған. Бір ауылдан ғылымның әр саласынан үш ғылым докторы, екі ғылым кандитаты шыққан. Біз өз елімізден шыққан тұлғаларды мақтаныш тұтамыз. Менің есімімді қойған аймаққа белгілі ақын Байназар Өтепов.
Сол кезде белгілі ақындар, өнер адамдары ел аралайды екен. Сондай топ біздің елге келгенде менің шешемнің аяғы ауыр болса керек. Әкем колхоздың бастығы болған осы топты үйге әкеліп қонақ қылады. Сонда Байназар ақын «келін босанады ұл болады, баланың атын Баймырза деп қойыңдар» деп айтып кетіпті. Мен өмірге келгенде менің әке-шешем аузы дуалы, белгілі өнер иесінің айтқанын орындап мені Баймырза деп атапты.
– Адамның бойындағы қандай қасиетті жоғары бағалайсыз?
– Адам мәселесі әлі де толық зерттелді деп айта алмаймыз. Менің ойымша адамның құнды қасиеті оның адамгершілігінде. Адамгершілік бұл адалдық, парасаттылық, ар тазалығы, жауапкершілік.
– Құлазыған көңіліңізді не көтереді?
– Көңіл құлазыған кезде ән тыңдағанды жақсы көремін. «Жақсы ән мен тәтті күй құлақтан кіріп бойды алар» деп Абай айтпақшы жақсы ән, жағымды әуез көңілімді көтереді.
– Кітапты жиі оқисыз ба? Қазір кімдердің шығармаларын оқып жүрсіз?
– Жалпы мен әдебиетті жақсы көремін. Жас кезімнен бастап кітаптарды көп оқыған адаммын. Қазіргі кезде кәсіби мамандығыма байланысты философиялық, саяси танымдық кітаптарға көңіл бөлемін. Соңғы оқып жатқан кітабым. «Қазақ философиясы» авторы Рауан Кемербай.
– Газет оқырмандарына, жерлестеріңізге тілер тілегіңіз...
– Қазалы ауданы аймақтағы іргелі аудандардың бірі. Аудан қарқынды дамып келеді. Оның дәлелі шағын және орта бизнес субьектілерінің көптеп ашылуы, руханият орталығының ашылуы ауданның дамуына үлкен әсер етеді деп ойлаймын. Жерлестеріме ынтымақ, ауызбіршілік, ырыс, бақыт тілеймін.
– Уақыт бөлгеніңізге рақмет.
Сұхбаттасқан
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

20 мамыр 2025 ж. 53 0

Еңбегімен елге сыйлы

20 мамыр 2025 ж. 53

Ыбырай атаға арнау

20 мамыр 2025 ж. 57

ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

20 мамыр 2025 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031