Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал теңізінің тағдырын тек экология жағынан емес экономикалық және әлеуметтік әсерін бірге қарау керек

Арал теңізінің тағдырын тек экология жағынан емес экономикалық және әлеуметтік әсерін бірге қарау керек

Шынымды айтсам Мәжілісте өткен отырыста ҚР Су шаруашылығы және ирригация саласының министірі Нұржан Нұржігітовтің Арал мәселесі бойынша берген жауабы және жоспарлаған жобалары ойымыздан шықпады.
Біржақты су мәселесі жағынан ғана қаралған , ұзақ мерзімдегі құбылыстар терең зерттелмеген, бұрынғы қателіктер ескерілмеген, және толық ақпарат жасырылып жатыр деп бағаладым.
Ондай шешімдерді іске асырғаннан кейін елеулі қауіптер әкелү мүмкін.
Арал өңірінің тұрғындары күткені ол емес еді.
44 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР СУ БОСҚА КЕТТІ
Кезінде , 2005 жылы Көкарал бөгеттін беделді сарапшылырдың ұсынысынан төмен, 46-48 метрдің орнына 42 метр қылып салғаны өте ауыр зияны тиді. Соның басты дәлелі – 20 жылдың ішінде 44 млрд суды қайтарусыз жоғалттық. Кеуіп кеткен үлкен Арал теңізіне босқа ағып кетті , миллиондаған тонна балық тұздығы жоғары улы суда шығын болды.
Сол сулар Кіші Солтүстік Аралда қалғанда қазіргі 27 млрд емес, кемінде 50 млрд жетіп, Қазақ еліндегі қалған теңіздің су көлемі екі есе көбейер ма еді.
Бұл қылмыстық шешімдерге ешкім жауап берген жоқ.
Бұрынғы жіберілген қателік бүгінгі министр ескереді ма?
Осы аптада өткен талқылау кезінде министір берген жауабы – 42 метрді тек 44 метрге ғана көтереміз дейді.
Неге қайтадан төмен? Ақша жеткілікті. Дүнежүзілік банк 300 млн ға жуық доллар беремін деп отыр. Соның 10 миллионын ғана Көкарал бөгетін 2 метірге жұмсауды жоспарлап отыр. Армандары қалғанын басқа экологиялық және бизнес жобаларға жұмсау. Дұрыс емес. Аралға деп бөлінген ақшаны Аралға жұмсау керек еді.
Екінші қателік – Кіші Аралды екіге бөлеміз деген жоспарлары. Оған да жергілікті халықтың көпшілігі қарсы. Неге? Олай жасаса сақтап қалған Солтүстік кіші Аралдың тек 7% ғана толықтырылыды. Көкарал бөгетін 2 метр ғана көтеріп, басты жоба ретінде Сарышығанақ бұғазына бөгет салуға басымдық бермек. Онда Арал теңізінің тағдырына балта шабуы мүмкін – себебі бұл қадам экологиялық ғана емес, әлеуметтік мәселені де ушықтыра түсетін болады. Қалған Кіші Аралға түсетін су азайып , судың деңгейі төмендейді, су тұздылығы көбейеді, балық азаяды.
Ал ондай болса Кіші Аралдың жағалауына жақын тұратын мыңдаған тұрғындардың , ең бастысы балық аулауды негізгі кәсіп жасап отырған жерлестеріміздің болашағы қандай болады? Ол туралы құзырлы басшы жауап бере алмады? Жауапты тұлғалар тек өз саласын проблемасын шешіп қана қоймай , халыққа қауіп туындырмай, мемлекетшілдік көзқараспен жүйелі жоба жасағаны дұрыс.
САРЫШЫҒАНАҚҚА ТАҒЫ БІР БӨГЕТ САЛУ – КІШІ АРАЛДЫҢ МӘСЕЛЕСІН ШЕШПЕЙДІ
Арал теңізі мәселесін көтеріп, Дүниежүзілік бaнкке қолдау бойынша ұсыныс айтқан кезде “Сарышығанақты ғана сақтап қалу” туралы сөз болған жоқ. Арал теңізінің жалпы су көлемін қалпына келтіру, экологиясын туралы туралы айтылды. Неге? Себебі Арал теңізі – экология, жергілікті халықтың денсаулығы. Сол маңайда 200 мың халық қоныстанған.
Ал министірлік Сарышығанақтың деңгейінен әлі аса алмай отыр. Айтуларынша, алдымен Сарышығанақ бұғазын толтырып, 50 метрлік бөгет салмақ. Ол 3-4 жылда суға толады-мыс. Ары қарай не істейміз? Мәселе қайта туындайды емес пе? Бұл – қате шешім. Сарышығанақ – 200 шаршы шақырым, ал Арал теңізінің көлемі – 3 200 шаршы шақырым. Сарышығанақ Арал теңізінің 15/1 бөлігі ғана. Аз аумаққа бола бүтін теңіздің тағдырына бейжай қарауға болмайды.
Сарышығанақ бұғазына бөгет салу несімен қауіпті?
Балық азайып, кәсіпкерлік кенжелейді.
Сарышығанаққа су апару үшін шөлді жермен айналма канал қазу керек. Сырдария өзенін бөгеп, теріс су ағызу қажет. Жолда су Көкаралға жетпей құмға сіңіп жоғалады. Осылайша, Кіші арал деңгейі түседі.
Сырдарияның өз ізімен емес , құмның үстімен қазған каналмен суды жоғарғы жақтан апару жоспары. Ол каналды жылда құмнан тазартып тұруға миллиардтаған қаржы кетеді. Жергілікті бюджет оны көтермейді.
Оған қоса Сарышығанаққа бөгет салынса, Арал теңізінің жалпы су көлемі кеміп, тұздылығы артады. Балық саны кемуі ғажап емес. Экология нашарлайытыны айтпаса да анық. Теңізден табыс тауып отырған мыңдаған тұрғын мен 18 кәсіпорын шығынға батады. Мұнан өзге, халық арасында түсінбейшілік болады. Тек Сарышығанаққа су толтыратынымызды қалай түсіндіреміз? Экологиялық проблеманы шешеміз деп, әлеуметтік , экономикалық қиындықтарды қолдан тууғызуымыз мүмкін.
Мақсат тек ақшаны игеріп, бір кішкене ғана бөлігіне су толтыру емес қой. Экологиялық теориядан Экономикалық қауіптерді зерделеп, қоғамның , халықтың мүддесіне басым жауаптылықпен қарау керек.
Нұржан Нұржігітов асығыс шешім жасамау керек. Азаматтық , мемлекетшілдік көзқарас басым болуы керек.
Уақыт өтеді, қызмет өзгереді, бірақ Сыр елінің тұрғындары алдындағы жауапкершілігі ( қате шешімдері ) талай алдынан шығады.
Шынайы Алғыс, қарапайым халықтың ризашылық пікірін естігені дұрыс қой.
Әлі талқылау жалғасады, қателіктердің алдын алып, кемшіліктерді реттеп, тек содан кейін нақты шешім қабылданады деп ойлаймын.
АНАМНЫҢ ТҮСІНЕ КІРГЕН ҰЯЛЫ
Арал теңізі , балықшылар мәселесі жеге өзіме саяси ғана емес, отбасыма өте жақын тақырып. Анам Арал жағалауындағы Ұялы деген ауылда , балықшы отбасында дүниеге келген. Барлық ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі – балық аулау . Аталарым тұрған, анам дүниеге келген Ұялы казір картадада жоқ. Орны қалмаған.
Себебі Мәскеудегі басшылар – Арал балығы керек емес, Сырдарияның суын мақта , күріш өсіруге жұмсайық деп біржақты шешім қабылдаған.
Арал суы тартылғаннан кейін ауыл тұрғындары көп қиналғанын анамның естелігінен білемін. Мал ұстап көрмеген, егін екпеген, басқа мамандығы жоқ – тек балық аулаумен отбасын асырап жүргендерге көп қиыншылықтар туындады. Басқа ауылға көшсе – үй жоқ. Балықиаулау жабдықтары, теңізге шығатын қайықтары су болмағасын жарамай құмның арасында қалды.
Анам Ұялыла тек бала кезінде тұрған болса да, есінде сақтады, сағынды, арасында түсінде көріп, теңіз қайта келсе екен деп армандап кетті.
Ол кезде заман басқа, шешімді Мәскеуден қабылдайды деп айтушы еді.
Енді өзіміз ғой шешім қабылдайтын.
Әлде де ойланайық.
Картадан жоғалып кеткен, тұрғындары тастап көшіп кеткен Ұялының тағдыры тағы басқа ауылдардың басына
келмесін.

Мұрат Әбенов,
Мәжіліс депутаты
18 мамыр 2025 ж. 53 0

Таңғаларлық операция

18 мамыр 2025 ж. 59

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 85

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031