Татамидегі триумф: Қазақстан парадзюдошылары әлем чемпионатында 11 жүлде жеңіп алды
Фото: Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігі13-15 мамыр аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жалғасқан парадзюдодан жаһандық дода 15 мамырда мәресіне жетті, деп хабарлайды Қазақстан Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бексұлтан Құлмырза — алтын (81 келі, J2 санаты)
Ғалымжан Смағұлұлы — күміс (81 келі, J2 санаты)
Аяла Мереке — күміс (70 келі, J2 санаты)
Ерғали Шамей — қола (81 келі, J1 санаты)
Даяна Федосова — қола (60 келі, J2 санаты)
Айназ Куралова — қола (46 келі, J1 санаты)
Бағланбек Оналбек — қола (+95 келі, J1 санаты)
Ерлан Утепов — қола (+95 келі, J1 санаты)
Айта кетейік, үш күнге жалғасқан жарыста 38 елден 300-ден астам спортшы қатысты.











