Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың Грузияға кіре алмауы жиілеген: Қазақстан мен Грузия тарапы мәселені талқылады

Қазақстандықтардың Грузияға кіре алмауы жиілеген: Қазақстан мен Грузия тарапы мәселені талқылады

Фото: pexels.com
Қазақстан мен Грузия консулдық мәселелер бойынша консультациялар өткізді. Кездесу барысында қазақстандықтардың Грузияға кіруге жиі рұқсат ала алмау мәселесі де қозғалған. Бұл туралы еліміздің сыртқы саяси ведомствосына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, консультациялар барысында тараптар консулдық саладағы екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын талқылаған.

Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, екіжақты және көпжақты шарттар мен консулдық-құқықтық саладағы халықаралық конвенциялардың орындалуы, қылмыстық-құқықтық ынтымақтастық және азаматтарды экстрадициялау мәселелері мен күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелерге ерекше назар аударылған.

"Кездесу аясында қазақ тарапы Грузия аумағына келген кезде ҚР азаматтарына кіруге жиілеп кеткен бас тартулар мен олардың кейіннен елден шығарылу жағдайларына алаңдаушылық білдірді.

Бұл ретте Қазақстан азаматтарының басым бөлігі Грузияға туристік мақсаттармен келетіні және қабылдаушы елдің заңнамасын берік сақтайтыны аталып өтті", - делінген хабарламада.

Өз кезегінде грузин тарапы биылғы жылдың мамыр айының басынан бастап Грузияға кіруден бас тарту фактілерінің айтарлықтай төмендегені туралы хабарлап, бұл үрдістің алдағы уақытта да жалғасатынына сендірген.

Сондай-ақ Қазақстан азаматтарының Грузия аумағына кіруі мен болуына барынша қолайлы жағдай жасауға дайын екенін білдірген.
15 мамыр 2025 ж. 533 0

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 26

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930