Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Танымал қазақ дзюдошысы Еуропа Кубогында қола медаль жеңіп алды

Танымал қазақ дзюдошысы Еуропа Кубогында қола медаль жеңіп алды

Фото: olympic.kz
Танымал қарағандылық дзюдошы Ислам Бозбаев Еуропа Кубогында қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, жарыс Грузияның Гори қаласында өткен. Додада 15 елден келген 200 спортшы бақ сынаған.

Қазақстан құрамасынан қарағандылық екі дзюдошы – Махамбет Даткин (-81 кг) мен Ислам Бозбаев (-100 кг) өнер көрсеткен.

Жарыс қортындысы бойынша Ислам Бозбаев қола жүлдеге ие болған. Ол төрт рет татамиге шыққан.

Дзюдошы алғашқы белдесуде грузиялық спортшыға есе жіберсе, екінші, үшінші белдесулерде сербиялық және әзербайжандық спортшыларды 10-0 есебімен жеңген.

Қола жүлде үшін белдесуде Ислам Бозбаев украиналық дзюдошыдан айласын асырған.

Ислам жалпы бұл жарыста бәсеке өте жоғары болғанын айтады.

"Мысалы, менің салмағымда Рио олимпиадасының күміс жүлдегері белдесіп, жеңіліп қалды. Бұл қарсыластардың өте мықты және жақсы дайындалғанын білдіреді. Жарыстың өзі жоғары деңгейде өтті және мен үшін тамаша тәжірибе болды", - дейді Ислам Бозбаев.
15 мамыр 2025 ж. 206 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 194

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 194

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930