Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтатуға келісті

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтатуға келісті

Фото: depositphotos.com
Үндістан мен Пәкістанның лауазымды тұлғалары атысты толық және дереу тоқтату туралы келісімді растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Dawn басылымына сілтеме жасап.

X желісінде Пәкістанның сыртқы істер министрі Исхак Дар былай деді:

"Пәкістан мен Үндістан атысты шұғыл тоқтатуға келісті. Пәкістан әрқашан аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ұмтылды", - деп жазды ол.

Үндістанның сыртқы істер министрі Викрам Мисри екі елдің әскери операцияларының басшылары келіссөз жүргізіп, ұрыс қимылдарын тоқтатуға келіскенін хабарлады.

Премьер-министр Шахбаз Шариф АҚШ президенті Дональд Трампқа Пәкістан мен Үндістанға бейбітшілікке қол жеткізуге көмектескен көшбасшылығы мен белсенді рөлі үшін алғыс айтты.

Еске салайық, бұған дейін Үндістан мен Пәкістан соғыс алдында тұрғаны хабарланды. Пәкістанға жасалған алғашқы зымыран соққысынан кейін екі тарап та бейбіт тұрғындар арасынан құрбандар барын хабарлады. Дели жаңа шабуылдар жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді, ал Исламабад оларға жауап беруге уәде етті.

Кейінірек Үндістан мен Пәкістан шекарада қарқынды соққы жасап жатқаны айтылды.
14 мамыр 2025 ж. 333 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 16

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031