Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бурак Өзчивит Алматыда: RAMS BEYOND ALMATY жобасының тұсаукесері өтті

Бурак Өзчивит Алматыда: RAMS BEYOND ALMATY жобасының тұсаукесері өтті

2025 жылдың 4 мамыр күні Алматы қаласындағы Swissotel Wellness Resort Alatau Almaty қонақүйінде “RAMS BEYOND ALMATY” мегажобасының ресми таныстырылымы өтті.

Ауқымды баспасөз конференциясы түрінде ұйымдастырылған шараға әлемге танымал түрік актері Бурак Өзчивит арнайы келіп қатысты.
RAMS Global компаниясы іске асырып жатқан бұл жоба — халықаралық деңгейдегі заманауи архитектуралық кешендердің бірі болмақ. Жаңа тұрғын үй кешені пентхаус, апартамент, люкс-қонақүй, сауда орталығы, спорт және мәдени кеңістіктермен жабдықталып, Алматы қаласының ең биік әрі сәнді ғимаратына айналуы жоспарланып отыр. Жоба авторларының айтуынша, бұл нысан тек тұрғын үй ғана емес, сонымен қатар мәдени-туристік орталыққа айналып, Қазақстанның халықаралық имиджін нығайтуға үлес қоспақ. RAMS BEYOND ALMATY – “бәрі бір жерде” концепциясын ұсынады. Себебі бұл жобада әлемдік брендтермен әрленген сауда орталығы, 5 жұлдызды қонақүй, мұражай мен спорттық инфрақұрылым, инновациялық шешімдер мен панорамалық көрініс болады.

RAMS Kazakhstan компаниясының тұрғын үй секторы бойынша сату директоры Ислам Пенюков өз сөзінде, “Бұл – жай ғана жоба емес, бұл – философия” ойын жеткізді.

“Біз нарықта 27 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Бүгінгі таңда 6 мыңнан астам отбасы біздің тұрғын үй кешендерімізде өмір сүруде, ал RAMS Kazakhstan-да 4 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Алматы, Атырау қалаларында және Ыстықкөл жағалауында 7-ден аса жоба жүзеге асырылып жатыр. Біз тұрғын үй кешендерін, коммерциялық нысандарды, қонақүйлерді, мәдени, білім беру, медицина және өнеркәсіптік бағыттағы инфрақұрылымдарды дамытып келеміз”, — деді ол.

Сондай-ақ, ол RAMS BEYOND жобасының ерекшелігіне тоқталды:

“Бұл жай ғана ғимарат емес, бұл – өмір салты. Жоба орналасатын орын – Тимирязев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысы, Алматының іскерлік орталығы. Бұл – қаланың жаңа келбеті. Мұнда Алматыдағы алғашқы панорамалық көрінісі бар зәулім ғимарат бой көтереді. Бірақ биіктік тек метрмен өлшенбейді. Мұнда сервис пен қызмет те жаңа деңгейде болады. Жобада ультра-люкс деңгейіндегі Sun Regions қонақүй желісімен серіктестік орнаттық. Ал барлық интерьерлік шешімдер әлемге әйгілі италиялық Etro сән үйімен бірлесіп жасалады. Бұл – сән мен сапаның жаңа сатысы. RAMS BEYOND – бұл үш бағытты қамтитын кешен: панорамалық резиденциялар, А-класс бизнес кеңістіктер және тәулік бойы өмір қайнап жататын серуен аймағы. Жоба экологиялық және технологиялық шешімдерге де негізделген: жаңбыр суын жинау жүйесі, күн сәулесін пайдалану, 24/7 видеобақылау және Face ID технологиясы іске асады.”

Пенюков сөз соңында

“RAMS BEYOND – 4,7 гектар аумақта орналасады. Оның 2 гектары – жасыл аймақ. Кешен күніне 25 мың қонақты қабылдай алады, 2,5 мың жұмыс орны және 5 миллион доллар инвестиция көзделген. Бұл – жай ғана сандар емес, бұл – ауқымды идея мен болашақ бейнесі. Бұл жоба Khan Shatyr немесе Ritz-Carlton секілді нысандармен бір деңгейде тұруға лайық. Біз Алматының жаңа сәулеттік коды мен келбетін қалыптастырамыз”, деп жобаның көлемі мен халықаралық серіктестіктері туралы нақты деректер келтірді.

Танымал актер Бурак Өзчивит жобаға ресми бренд-амбасадор ретінде қатысып, Қазақстан жеріне, “ата-жұртқа” қайта келгеніне қуанышты екенін жеткізді. Конференцияда Бурак бей журналистердің сұрақтарына жауап беріп, RAMS жобасының ерекшеліктеріне тоқталды. Оның айтуынша, бұл кешен — сапа мен сұлулықты, заманауи технология мен ұлттық архитектуралық дәстүрді ұштастыратын бірегей нысан. Алдағы уақытта қазақ жеріндегі жасалатын жобаларға да қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Алматы қаласында салынып жатқан 40 қабатты ғимаратқа қатысты ең жиі қойылған сұрақтардың бірі — сейсмикалық қауіпсіздік мәселесі. Таулы әрі сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан қалада мұндай зәулім нысан қаншалықты қауіпсіз? Конференция барысында осы сауалға RAMS BEYOND жобасының құрылыс үйлестірушісі Харун Рашит Кутлуай мен баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Каримжан нақты әрі негізделген жауап берді.

“Алматы – сейсмикалық белсенді аймақ. Сондықтан біздің басты мақсатымыз – қауіпсіздікті ең жоғары деңгейге жеткізу. Бұл жобаға тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде сенімділігімен танылған серіктестер тартылды. Біз халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейтін жобалау және инженерлік компаниялармен бірлесе отырып, жоғары деңгейдегі қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз еттік. Жобадағы халықаралық және жергілікті серіктестер: Dome+Partners — жобаның дизайн-концепциясы; DG Construction — жобалаушы компания; LERA Consulting Structural Engineers — конструкциялар бойынша кеңесші; ELBA Group — қауіпсіздік кеңесшісі; KazNIISA — сейсмология және инженерлік қауіпсіздік; BI Group — жел қозғалысы мен климат бойынша кеңесші; Future Mobility — жол-көлік жобалау; KazGeo — топырақ пен жерді зерттеу бірігуі арқылы жобаны сапалы жасап шығамыз. Жобаның әрбір конструкциялық шешімі — сейсмологиялық зерттеулер мен инженерлік сараптамалар негізінде жасалған. Бұл — қаланың болашағына арналған заманауи, сенімді және қауіпсіз архитектура” деді жобаның құрылыс үйлестірушісі Харун Рашит Кутлуай.

Сонымен қатар жобаның баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Каримжан да өз кезегінде, “Сейсмикалық қауіпсіздік мәселесі — біздің басты назарымызда. Өткен жылдың желтоқсан айында КАСНИИС институтымен бірлесіп RAMS SETI тұрғын үй кешенінде сейсмотренинг және нейродинамикалық сынақтар өткіздік. Бұл сынақтар жоғары баға алды. Бүгінде барлық тұрғын үй кешендері бірегей технологиямен салынып жатыр, және бұл процесте КАСНИИС бізге үнемі кеңес береді. Барлық нормалар мен талаптар толық сақталады. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ.”

Сондай-ақ ол жобаның тек 40 қабатты ғимарат емес, премиум деңгейдегі А+ классты бизнес-орталықтар мен сауда орындарын қамтитынын атап өтті:

“Бұл жай ғана биік ғимарат емес. Бұл — Алматыда бұрын болмаған, жаңа халықаралық люкс брендтерін қамтитын сауда кеңістігі. Бұл қала үшін нағыз жаңалық болады.”

Алматының соңғы жылдары туризм орталығына айналғанын тілге тиек еткен Данияр мырза, қалада 5 жұлдызды қонақүйлердің тапшылығы байқалатынын да атап өтіп,

“Туризмнің өсуіне қарамастан, Алматыда премиум санаттағы қонақүйлер жетіспейді. Жобада халықаралық люкс брендпен басқарылатын заманауи қонақүй салу жоспарда бар. Бұл қаладағы бос орын жетіспеушілігін шешіп, туристер үшін жаңа мүмкіндік ашады” деп сөзін қортындылады.

Жобаның презентациясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Медиа үйлестіруші Бенан Кепсутлу шараны кәсіби тұрғыда жүргізіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берді.

Қорытындылай келе, RAMS BEYOND ALMATY — бұл жай ғана құрылыс емес, бұл — заманауи өмір сүру философиясы, қауіпсіздік пен сапаның үйлесімі, қаланың архитектуралық болашағына жасалған батыл қадам. Алматының жаңа келбетін қалыптастыруға бағытталған бұл мегажоба тек отандық емес, халықаралық деңгейдегі мамандар мен серіктестердің күш біріктіруімен жүзеге асырылуда. Түрік актері Бурак Өзчивиттің қатысуы жобаның маңызын арттырып, мәдениетаралық байланысты нығайта түсті. RAMS BEYOND — бұл қаланың дамуына қосылған елеулі үлес, алматылықтар мен қала қонақтары үшін жаңа сапа, жаңа стандарт, жаңа мүмкіндік.

Нұрай ДАУКЕН


05 мамыр 2025 ж. 77 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031