Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірнеше өңірде ескерту жарияланды: 5 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бірнеше өңірде ескерту жарияланды: 5 мамырға арналған ауа райы болжамы

Фото: istockphoto
"Қазгидромет" синоптиктері 5 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Күндіз Атырау облысының батысында нөсер жаңбыр, бұршақ, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында батыстан жел соғады, түнде оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Ақмола облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүруі мүмкін. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында күндіз батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

5-6 мамырда Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Қостанай облысында солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қызылорда облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
05 мамыр 2025 ж. 243 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930