Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктер 5 мамырда еліміздің тек үш өңірінде жаңбыр жауатынын болжайды

Синоптиктер 5 мамырда еліміздің тек үш өңірінде жаңбыр жауатынын болжайды

Сурет: pxhere
Синоптиктер 2025 жылы 5 мамырдағы Қазақстандағы синоптикалық жағдай мен ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжаммен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Антициклон салдарынан еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз әрі жылы ауа райы күтіледі.

"Қазақстанның батысы мен шығысында ғана атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыс өңірде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ та түсуі мүмкін", - деп ескертті "Қазгидромет" РМК.
Жалпы, республика бойынша сипат алатын табиғи құбылысқа желдің екпін алуы жатқызылады. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде, БҚО мен Ақтөбе өңірінің солтүстігі мен шығысында сынап бағаны 1 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады.

Синоптиктердің айтуынша, жоғары өрт қаупі еліміздің бірқатар аймақтарында сақталады: Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде және орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында, Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде және орталығында, Ақтөбе және Павлодар облыстарының оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында және оңтүстігінде, Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында.

Сондай-ақ БҚО-да, Түркістан облысының шөлейтті аудандарында, Қызылорда облысының шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін синоптиктер 2025 жылдың мамыр айында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтқан болатын.
05 мамыр 2025 ж. 50 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031