Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-Қытай сауда соғысы: Қазақстан қандай мүмкіндік алады

АҚШ-Қытай сауда соғысы: Қазақстан қандай мүмкіндік алады

Фото: baq.kz 
Экономист Бауыржан Ысқақ АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысынан Қазақстан қандай жаңа мүмкіндіктер алатынын айтты, деп хабарлайды
BAQ.KZ тілшісі.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты артады.

Қытай АҚШ-тан әкелінетін кейбір ауыл шаруашылығы өнімдеріне баж салығын енгізгеннен кейін, Қазақстан бұл нарықтағы бос орынды толтыруға мүмкіндік алды. Мысалы, 2024 жылы Қазақстанның Қытайға бидай экспорты 50%-ға артты. Сонымен қатар соя бұршақтарын жеткізу көлемі де ұлғайды, - дейді сарапшы.

Сауда және көлік байланыстары нығаяды.

Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы тұрақты өсіп келеді. 2023 жылы екі ел арасындағы сауда көлемі рекордтық 41 миллиард долларға жетті, ал 2024 жылдың алғашқы тоғыз айында бұл көрсеткіш 33 миллиард болды. Бұл өсім көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықтың нәтижесінде мүмкін болды, - деп түсіндірді Ысқақ.

Инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялар артады.

Қытайдың “Бір белдеу, бір жол” бастамасы аясында Қазақстан инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялар тартуда. Бұл жобалар көлік дәліздерін дамытуға және Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған.

Жалпы алғанда, сауда соғысы Қазақстанға Қытай нарығындағы өз позициясын нығайтуға және экономикалық әртараптандыруға мүмкіндік береді, - деп есептейді сарапшы.
07 сәуір 2025 ж. 363 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 43

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031