Газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

- Халық игілігі жолындағы шаруаларымыздың бірі - елді мекендерді толық газ желісімен қамту. Өткен жылы қалаға іргелес жатқан Ақжарма ауылдық округі көгілдір отынға қосылып, тұрғындардың көптен бергі талап-тілегі орындалды. Бүгінгі күні Сабалақ саяжайын және қалада «көгілдір отын» желісі жүргізілмей қалып қойған шағын аудандарды газдандыру ісі жалғасуда. Ендігі кезекте Қызылөзек ауылдық округі мен Бірқазан елді-мекенін көгілдір отынмен қамту негізгі жоспарға енгізіледі. Осы тұста айта кеткеніміз жөн, биыл шаһарымыздың Бас жоспары қайта бекітіледі. Жаңа Бас жоспар қала жанындағы саяжайларды қамтиды. Басты құжатқа сүйене отырып, біз Эдельвейс, Еңбек, Орбита секілді саяжайларға да газ желісін жүргізуді жоспарлап отырмыз,-деді, Нұржан Сәбитұлы.