Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Абайлаңыз айыппұл!

Абайлаңыз айыппұл!

Абай облысында жаяу жүргіншілерге жол бермеу салдарынан 2 300-ге жуық жүргізуші айыппұл төледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаяу жүргіншілерге жеткілікті назар аудармау жол апаттарының негізгі себептерінің бірі болып қала береді. Жаяу жүргіншілер жолағында жол бермеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.
2024 жылы бір ғана Абай облысында жаяу жүргіншілерге жол бермеу себепті 2 296 жол қозғалысы ережесінің бұзылуы анықталды. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін елемеген жүргізушілерге хаттама толтырып, айыппұл салды.
Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 600-бабына сәйкес жаяу жүргіншілерге немесе басқа жол қозғалысының қатысушыларына жол бермеу ережесін бұзған жағдайда 39 320 теңге немесе 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Егер осы құқықбұзушылық жыл ішінде қайталанса, айыппұл 58 980 теңгеге дейін, яғни 15 АЕК-ке дейін артады.
12 қаңтар 2025 ж. 266 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031