Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар 2025 жылы қаңтарда неше күн демалады?

Қазақстандықтар 2025 жылы қаңтарда неше күн демалады?

Қазақстандықтар 1 қаңтардан 4 қаңтарға дейін (қоса алғанда) демалады.
Фото: istockphoto.com
2025 жылғы қаңтар айында қазақстандықтар 11 күн демалады. Қазақстандықтар 1 қаңтардан 4 қаңтарға дейін (қоса алғанда) демалады. Ал 5 қаңтар жексенбіге келсе де, жұмыс күні болады.
Әуел баста, 3 қаңтар жұмыс күні ретінде жоспарланған еді. Дегенмен кейіннен еңбек министрлігінің бұйрығымен ол жексенбіге, яғни 5 қаңтарға ауыстырылды. Енді жұмыс күндері 5 және 6 қаңтар. Ал 7 қаңтар сейсенбіге түсіп, православ Рождествосы күнінде қазақстандықтар тағы демалады.
«Осылайша, қаңтардың басында қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында бес демалыс күніне ие болады: 1-4 қаңтар және 7 қаңтар. Ал алты күндік жұмыс аптасында – төрт демалыс күні: 1-3 қаңтар және 7 қаңтар», – делінген еңбек министрлігінің мәлімдемесінде.
Жалпы қаңтар айында барлық мереке күндерін қоса есептегенде, бес күндік жұмыс аптасында 11 демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 7 демалыс күні болады.
23 желтоқсан 2024 ж. 427 0

Үш облыста жол ашылды

17 сәуір 2026 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930