Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін цифрландыру

Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін цифрландыру


2024 жылы Қазақстан су секторын цифрландыру саласында елеулі қадам жасады. Су ресурстарын тиімдірек басқаруға және ықтимал табиғи апаттарды болжауға көмектесетін заманауи ақпараттық және аналитикалық жүйелер енгізілді.

Қазақстан «Tasqyn» су тасқынын болжау жүйесін белсенді түрде әзірлеуде. Аталған ақпараттық жүйе ықтимал төтенше жағдайларды модельдеуге және нақты болжамдар жасауға мүмкіндік береді, бұл ауыр зардаптардың алдын алу үшін уақтылы шаралар қабылдауға көмектеседі. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің 3,5 мың км суару желілерін цифрландыру жұмысы жүргізілуде. Атап айтқанда, Қызылорда облысында Жаңашиелі, О-2, Келінтөбе, Әйтек және Сунақата сияқты бес арнада суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орната отырып, су жинау стансаларын қайта құру жобасы іске асырылуда. Жетісу, Түркістан және Жамбыл облыстарында – 2024 жылдан 2026 жылға дейін 16 суару каналы автоматтандырылады. Сондай-ақ Қызылорда облысында 16 магистралды және шаруашылықаралық каналдарды автоматтандыру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Арналарды автоматтандыру судың сапалы әрі дәл есебін қамтамасыз етеді.

@KZgovernment
13 желтоқсан 2024 ж. 130 0

Жастар есірткіге қарсы

22 қаңтар 2025 ж. 106

Қараңғы жолдан аулақ бол

22 қаңтар 2025 ж. 104

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 74

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031