Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

Фото: Қорғаныс министрлігіҚорғаныс министрлігі жаңа жауынгерлік оқу кезеңінің басталуына байланысты тұрғындарға ресми хабарлама жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  
Ведомство мәліметінше, барлық әскери басқару органдары, Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелері жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтірілетін болады. Желтоқсан айының басында армия бөлімшелері полигондар мен оқу-жаттығу орталықтарына марш жасау үшін дабыл бойынша көтеріледі. Жеке құрам мен әскери техниканы кешенді тактикалық-саптық сабақтар мен жаттығулар өтетін орынға жөнелту жүзеге асырылмақ.  
Қауіпсіздік мақсатында өңірлердегі жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін екенін хабарлаймыз. Осыған байланысты азаматтардан және БАҚ өкілдерінен жалған хабарламалар таратпауды және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұраймыз,-делінген мәліметте.
30 қараша 2024 ж. 184 0

Берекелі жәрмеңке

29 қазан 2025 ж. 177

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031