Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Болашақ» бағдарламасының талабы өзгереді

«Болашақ» бағдарламасының талабы өзгереді

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі ашық НҚА-да жоба жариялады.
Фото: egemen.kz
Енді стипендияға үміткерлер екі емес, үш сынақ кезеңінен өтуі мүмкін. Біріншісі – кешенді тестілеу, екіншісінде – әңгімелесу, үшіншісі – эссе жазу, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия құрылады.
«Комиссияның нақты сипаттамасы түсінбеушіліктерді болдырмауға мүмкіндік береді және қаулыны орындауға байланысты әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Осылайша, бұл терминнің енгізілуі құқық қолдану тәжірибесінде айқындық пен реттелуді қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде Комиссия жұмысының тиімділігін арттыруға және «Болашақ» бағдарламасы аясында заң нормаларын дәл сақтауға ықпал етеді», - делінген қаулы жобасына қоса берілген салыстырмалы кестеде.
Бұдан бөлек шәкіртақыға үміткерлер кемі 500 сөзден құралған эссе жазатын болады.
«Уәждемелік хат – үміткер осы салада таңдаған ЖОО мен оның артықшылығын, бұл стипендияны алу қажеттілігін және таңдаған бағыты бойынша алған білімнен күтетін нәтижесін және оларды ары қарай практикада қолдануын негіздейтін, көлемі кемінде 500 сөзден құралған, еркін нысанда жазылған эссе. Кандидаттардың кәсіби және академиялық мақсаттарына объективті баға беру мақсатында, және Республикалық комиссияға неғұрлым негізделген және байыпты шешімдер қабылдауға көмектеседі. Мотивациялық хаттағы негізгі аспекттерді анықтау таңдалған ЖОО-ны және оның артықшылықтарын сипаттау, сондай-ақ стипендияның қажеттілігінің себептерін көрсету үміткер мен комиссия арасында мақсатты және сындарлы диалог орнатуға мүмкіндік береді», - делінген құжатта.
Мотивациялық хат үміткердің жеке мақсаттарын, оның кәсіби жоспарлары мен оқуға деген ынтасын көрсететін болады деп күтіліп отыр.
Үкімет қаулысы «Ашық НҚА» порталында 15 қарашаға дейін жария талқылауда болады.
04 қараша 2024 ж. 254 0

Бүгінгі валюта бағамы

18 қараша 2025 ж. 135

Хабарландыру

18 қараша 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930