Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокстан Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды

Бокстан Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды

Черногорияның Будвада қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте алғаш рет бірінші орын иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҚБФ
Черногорияның Будвада қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы Өзбекстанды артқа тастап, жалпыкомандалық есепте көш бастады. Қазақстандық боксшылардың жетеуі финалға шығып, соның алтауы алтыннан алқа тақты. Боксшыларымыз 6 алтын, 1 күміс, 10 қола медаль иеленді. Назарларыңызға әлем чемпионы атанған боксшылардың тізімін ұсынамыз:

51 келі: Бексұлтан Боранбек – алтын.

67 келі: Төрехан Сабырхан – алтын.

71 келі: Өнер Сейілхан – алтын.

75 келі: Санжарәлі Бегалиев – алтын.

50 келі: Елянұр Тұрғанова – алтын.

66 келі: Ұлдана Таубай – күміс.

81 келі: Аружан Зейноллаева – алтын.

Жалпы жүлде кестесі:

Қазақстан – 6 алтын, 1 күміс,10 қола.
Өзбекстан – 5 алтын, 5 күміс, 3 қола
Ресей – 5 алтын, 2 күміс, 1 қола
Қытай – 3 алтын,3 күміс, 4 қола
Ирландия – 3 алтын.

Айта кетейік, Будва бәсекесінің жартылай финалында Қазақстан құрамасы сапынан 17 спортшы (8 ер, 9 әйел) сынға түсті. Оның ішінде 10 боксшы жеңіліске ұшырап, қола жүлде еншіледі.
04 қараша 2024 ж. 76 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031