Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан құрамасы көш бастап келеді

Қазақстан құрамасы көш бастап келеді

Фото: ашық дереккөз
Астана қаласы әлем елдерінің назарын тағы да өзіне аударды. Елордамызда көптен күткен байрақты бәсеке – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. Дүбірлі доданың ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, әлемдік ауқымда өтіп жатқан айрықша маңызды іс-шараға қатысушыларға ізгі тілегін арнады.

– Спорттың басты миссиясы – халықтар достығын нығайту. Қазақстан бүкіл әлемге бейбітшілік пен келісім мекені ретінде танымал. Елімізде түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біз алыс-жақын шетелдің бәрімен тығыз байланыс орнаттық. Басқа мемлекеттер де өзара достық қатынаста болғанын қалаймыз. Сондықтан Көшпенділер ойындары ынтымағымызды бекемдей түспек, – деп атап өтті Президент.

Айта кету керек, көшпенділер ойындарында үшінші күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 18 алтын, 5 күміс, 12 қола медальмен көш бастап тұр.Облысымыздың спортшылары да көшпенділердің рухын бойына сіңіріп, ат спортынан бастап, көкпар, аударыспақ, жамбы ату сияқты бәсекелерде шеберліктерін паш етуде.Жерлестеріміз ұлттық спорттың үздік дәстүрлерін жалғастырып, көшбасшылар қатарынан көрінуде.
11 қыркүйек 2024 ж. 60 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30