Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зайытов депутаттардың үнін үкіметтің тыңдамайтынына ашынады

Зайытов депутаттардың үнін үкіметтің тыңдамайтынына ашынады

Kyzylorda-news.kz Парламент қабырғасында журналистер Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтан рөлі оң жақта орналасқан көлік жүргізушілеріне жүруге тыйым салынуына байланысты олар тарапынан наразылық болып жатқанын, бұл мәселе қалай шешілетінін сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

- Оның бәрін қайда жібереді сонда? – деп депутат қарсы сұрақ қойды. – Байғұс кедей-кепшікке көлік әпереміз бе, ол мәселені қалай шешеді? Біз айта береміз, оның шешілуі қайда? Біреу емес, бәленбай көлік... Дұрыс мес! Алдымен олардың жағдайын шешіп берейік...

Сондай-ақ депутаттан «Жаз бойы мектептерге жөндеу жүргізілді ғой. Тексердіңіз бе? Қандай да бір құқықбұзушылық анықталды ма?» деп сұрады тілшілердің бірі.

Көп болды. Мен нақты тізімін бердім. Өзіме түскен шағымдарды министрлікке апарып бердім...

«Министрлер сіздерді қаншалықты тыңдап жатыр?» - деді тілші

Тыңдайтын үкімет көріп отырған жоқпын. Айтқанын керісінше істейді. Бір жылдан астам бойы «жарайды, жарайды» деп көңілге қарағанымыз дұрыс болмаған шығар, тыңдата алмай отырған айыбымыз бар шығар, - деді ол.
03 қыркүйек 2024 ж. 49 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30