Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кибершабуыл: сақтанатын жол қандай?

Кибершабуыл: сақтанатын жол қандай?

Бүгінде елімізде интернет алаяқтығы коммуникациямен қатар дамып келеді. Тіпті бұндай заң бұзушылықпен күресуге арнайы кибер орталықтар да құрылған. Десек те, “аңқау” ағайыннан айласын асырып жүргендер азаяр емес. Жақында елордада осы мәселеге орай, “Қаржы пирамидаларын қалай танимыз?”, “Дроперлер деген кім?” деген сынды тақырыпта “АФМ онлайн – 2024” атты ауқымды форум өтті. Аталған жиынға елімізге белгілі блогерлер мен медиа саладағы бірқатар азаматтар шақырылып, кеңестерімен бөлісті. Барша қазақстандықтар көгілдір экраннан көрген форумды Қазалы жастар орталығында ауданның барлық студенттері де тамашалады.

Киберқылмыс Қазақстандағы алаяқтықтың ең көп тараған түріне айналды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2018 жылдан бері елімізде интернет-алаяқтық фактілері азайған. Алайда 2022 жылы интернет алаяқтарға 36 мыңнан астам адам алданып қалған.
2023 жылы киберқылмыс қайтадан өршіген. Қаңтар-ақпан айларында құқық қорғау органдарына онлайн-алаяқтардың арбауына түскен 3 400 адамнан өтініш түскен. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 16 пайызға көп. Ал сол 2023 жылдың бір айында алаяқтарға алданған қазақстандықтардың жалпы соммасы 96,5 миллиард теңгені құрады. Тарқатып айтар болсақ, қаңтар-қараша айларында алаяқтық бойынша 40,8 мың қылмыстық іс тіркелді. Бұл жоғарыда айтқандай 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға артық. Соның басым бөлігі – интернет алаяқтық. Банктің төлем картасымен және кредитпен жасалған алаяқтық әрекеттер де аз емес.
Он бір айдың ішінде алаяқтар 96,5 миллиард теңгені қолды еткен. Соның ішінде мемлекетке 54,2 миллиард теңгеге шығын келсе, заңды тұлғалар 3,7 миллиардқа алданды. Ал жеке тұлғалар 38,5 миллиардтан айырылды.
Бұл – әлбетте елдегі азаматтардың қаржылай сауаттылығының болмауынан екенін алға тартып отыр сарапшылар. Елордада өткен жиынның мақсаты ел тұрғындарының осы олқылықтың алдын алып, күресу һәм арамды адалынан айыруды үйрету болды.
Онлайн режимдегі пікірталасқа еліміздің 35 жоғары оқу орнынан барлығы 20 мыңнан астам студент қатысқан. Кездесу барысында спикерлер блогерлермен қызықты кейстармен бөлісті, өз кезегінде олар аудиториясына әрі қарай жеткізетін маңызды ақпарат алды. Медиа тұлғалар үшін әлеуметтік желілердегі мінез-құлық ережелері және қандай жарнама үшін заңмен жаза қарастырылғаны да түсіндірілді.
Бұдан бөлек, қаржылық мониторинг агенттігінің де қалтаны қаққандармен күресі туралы баяндамасы да жасалды.
Осылайша бір сағаттан астам уақытқа созылған онлайн форум тәмамдалып, жас­тар орталығына жиналған жастарға Қазалы аудандық Қоғамдық даму бөлімінің басшысы Қайрат Әбубәкірұлы жастарға интернет алаяқтарынан сақ болуы керектігін айтты.
– Құрметті жастар, студенттер. Жаңа ғана тамашалаған жиында елімізде соңғы уақытта белең алған киберқылмыс, интернет алаяқтары жайында қатаң ескертпелер, кеңестер айтылды. Бүгінде әрбір қаржылай аударым, тіпті сіздің құнды құжатыңыз, жеке куәлігіңізге дейін онлайн қосымшада, бар болғаны бір смс хабарлама арқылы алуға болады. Қолжетімді. Өз кезегінде бұл сол кибершабуылшыларға оңай олжа болатынымызды да білдіреді. Сол үшін сақ болыңыздар, әрбір банк қызметкерімін деп хабарласқан азаматқа сене бермеңіздер. Келген смс хабарламаны қоңырау шалған екінші тараптағы азаматтарға да жарияламаңыздар. Қазірде алаяқтар біз бен сізді алдаудың түрлі жолын заманға, уақытқа сай тауып отырады. Тіпті сіздің жақыныңыз болып, әлеуметтік желіден жазып, түрлі себеп-сылтауын тауып, қаржылай көмек сұрауы да мүмкін. Жалпы осындай кибершабуылға ұшырамас үшін сақ жүріңіздер, – деп жиынға қатысушылармен тарқасты.
Аңдамауы мүмкін болғанымен, аяқ аттасаңыз, алаяққа тап болар заманда алаңдауыңыз қажет-ақ. Себебі аңқаулықтың кесірінен астындағы атын алты ай іздемек түгілі, айырылып қалуы да ғажап емес. “Жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем де өзімнен” демекші, қазақстандықтарға заман талабына сай қаржылай сауаттылығымызды артырып, оңай олжа болуды доғару да керек-ақ.

Серік АҚМЫРЗА
08 маусым 2024 ж. 243 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 145

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 201

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 170

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 149

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 164

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930