Лицензиялық соңғы турнир: Ел намысын 53 дзюдошы қорғайды
Фото: Olympic.kz
Бүгін Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысы басталады. Қазақстан жарысты қабылдаушы ел ретінде әр салмақ дәрежесінде 4 спортшыдан шығаруға құқылы. Париж Олимпиадасының соңғы лицензиялары сарапқа салынатын байрақты бәсекеге әлемнің 92 елінен 519 татами шебері қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ерлер арасында ел намысын қорғайтын дзюдошылар:
60 кг: Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов, Дәурен Сүйеукенов;
66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали, Есет Қуанов, Нұрсұлтан Зайзағалиев;
73 кг: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, Бақытжан Әбдірахманов;
81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев, Жалғас Қайролла, Мәди Амангелді;
90 кг: Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков, Құдырет Досымов, Мұхамедәли Мавлидов;
100 кг: Нұрлыхан Шархан, Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев, Бекзат Шағатаев;
+100 кг: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев, Мәди Еділбаев, Ғалымжан Қырықбай.
Әйелдер арасында ел намысын қорғайтын дзюдошылар:
48 кг: Ғалия Тынбаева, Диана Буркеева, Алира Шегелекова, Жібек Жақсыбай;
52 кг: Толғанай Абеуова, Балнұр Әбдешова, Аружан Ережепова, Алима Жұмағалиева;
57 кг: Бақыт Құсақбаева, Ұлдана Үсейн, Дина Мұханбет, Дана Әбдірова;
63 кг: Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева, Кристина Сотникова, Зарина Сарипова;
70 кг: Екатерина Токарева, Анастасия Маякова, Анастасия Морозова;
-78 кг: Лаура Жәнібекова, Анастасия Нагачевская;
+78 кг: Аида Тойшыбекова, Ақерке Рамазанова, Карина Такиева, Назгүл Маратова.
Нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингілерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін 1 000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептеледі.