Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда кедей отбасылар азайды – Еңбек министрлігі

Қазақстанда кедей отбасылар азайды – Еңбек министрлігі

Фото: freepik.com
2023 жылы және 2024 жылдың бірінші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алған 58 445 отбасы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында кедейлік жағдайынан шыққан. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, 2023 жылы жалпы сомасы 59,4 млрд теңгеге 114,1 мың отбасы (598,4 мың адам), 2024 жылдың үш айында 7,8 млрд теңгеге 58,8 мың отбасы (312 мың адам) АӘК алған.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірлік бөліністе АӘК алушылардың ең көп саны Түркістан облысында (27 мың отбасы) тіркелген. Шымкент қаласында – 12,7 мың отбасы, Алматы – 9,5 мың отбасы, Қызылорда облыстарында 9,4 мың отбасы АӘК алған.
АӘК алушылардың ең аз саны Ұлытау (538 отбасы), Атырау (1,1 мың отбасы) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (1,6 мың отбасы) тұрады екен.
«АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлемдер түріндегі қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару», - делінген хабарламада.
АӘК келесілерді көздейді:
  • табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
  • 1 жастан 6 жасқа дейінгі табысы аз отбасылардағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру.
  • жұмысқа орналастыру жолымен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, оқуға жіберу, өз ісін ашуға ынталанған отбасыларға гранттар беру және т.б.                                                                                                                                   dauletten.kz
07 сәуір 2024 ж. 190 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930